Білімді тиянақтау.
46 Сабақ
Тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Мақсаты: Оқушы білімін тиянақтау арқылы білім, білік, дағдыларын
анықтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушы білімін тиянақтау. Сандарды қосу кестесін
меңгерту.
Дамытушылық:
Зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту, қиялын ұштап,
қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: тапқырлыққа, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс: сұрақ-жауап, бақылау, талдау-жинақтау.
Сабақтың
көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, «Баспалдақ» ойыны, интерактивтік
тақта.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
3. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Негізгі
бөлім:
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Тез есептеп көріңдер.
«Баспалдақ» ойыны
Бұл ойынның
мақсаты екі қатарға берілген деңгейлік тапсырмаларды тез орындап мәреге бірінші
жетіп, жеңімпаз атану.
Ұшқыр ойға серік
болсын шеберлік,
Сөз кезегін
деңгейлік тапсырмаға берелік.
Арамызда тапқыш
достар көп екен,
Солардың енді
жұмыстарын көрелік.
1-деңгейлік тапсырма
№1 Қосындының
және айырманың мәндерін тап:
6+6 7+6 6+7
12-6
13-6
13-7
№2 Теңдеуді шеш:
x+6=13 14-
x=6 x-6=8
2-деңгейлік тапсырма
№3 Өрнекті
жаз және оның мәнің тап:
6 саны мен а-ның қосындысы, мұндағы а=70; 73;
9
а саны мен 6-ның айырмасы, мұндағы а=76; 79;
15
№4
Бір орамда 30 м
иірілген жіп бар, ал екінші орамда одан 8 м жіп артық. Екінші орамда неше метр
иірілген жіп бар?
Іорамда -30 м жіп
ІІорамда -? 8 м жіп артық ↑
Ш: (30+8)+30=68(м)
Жауабы: Барлығы 68 м жіп бар.
3-деңгейлік тапсырма
№5
- Өрнектеп көрсет:
2 м 3дм = ... дм
1м 6дм = ... см
1 тәулік 1 сағ = ... сағ
1 сағ 3 мин = ... мин
- Бір мысықта 4 аяқ бар, 2 мысықта неше аяқ бар?
а) 2 ә) 6 б)8
Қорытынды
бөлім: сабақты тиянақтау,
оқушылардың деңгейлік тапсырманы меңгерген, меңгермегенін айту, бағалау.
Үйге
тапсырма: №6 (83 бет)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.