6-ны қосу және азайту
45 Сабақ
Тақырыбы: 6-ны қосу және азайту
Мақсаты: 6-ны қосу және азайту кестесімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: 6-ны қосу және азайту жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: ойлау, тез, шапшаң есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа , өз бетімен
жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сабаққа
психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру. №6 (80 бет)
ІІ. Негізгі
сабақ
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Жаңа сабақты түсіндіру. (тақтамен жұмыс, интерактивтік тақтада қосу
кестесі.)
№2 (өз бетімен жұмыс)
Қосындының және айырманың
мәндерін тап:
8+6 14-6 6+8 14-8
9+6 15-9 6+9 15-9
Қосу кестесінен пайдаланған
теңдіктерді жаз.
8+6 6+8 қандай ережені білеміз?
9+6 6+9 қосудың қандай қасиеті?
№3 (интерактивті тақта).
Өрнекті жаз және оның мәнін
тап.
7 мен 3 сандарының қосындысына
3-ті қос.
13 пен 7 сандарының
айырмасынан 3-ті азайт.
8 бен 2 сандарының
қосындысына 4-ті қос.
14 пен 4 сандарының
айырмасынан 2-ні азайт.
9 бен 1 санының қосындысына
5-ті қос.
15 пен 5 сандарының
айырмасынан 1-ді азайт.
№4
(интерактивтік тақта)
а) Бірінші кесіндінің ұзындығы
10 см, ал екінші кесіндінің ұзындығы одан 3 см ұзын. Екі кесіндінің ұзындығы
неше сантиметр?
Үй тапсырмасын беру,
түсіндіру.
№6 -81 бет
ІІІ.
Қорытынды бөлім: Сабақты сұрақ-жауап әдісі
арқылы қорыту, оқушыларды бағалау.