Қайталау.
35-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты:Ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолдануға
машықтандыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруға жаттықтыру, ілгеріде
енгізілуге тиісті күрделі ұғымдарды қарастыруға дайындық жүргізу; шамаларды
және олардың өлшеу бірліктері арасындағы қатыстарды пысықтау.
I.Ұйымдастыру сәті.
-Терезеге қараймыз, бүгінгі ауа
райы қандай?
-Әрине, қоңыр күздің күні
қабағын түйіп тұр. Күнімізді бұлт басыпты. Ендеше, көңілімізді түсірмей, бар
білімімізді пайдаланып, күнімізді бұлттан аршып алайық.
II.Тірек білімді еске түсіру
«Күнді
бұлттан шығар» ойыны:
Шарты: амалдарды орындаған кезде күн бұлттан «шығады».
Сиқырлы күн бар өкпе мен мұңды ерітіп
жіберді. Жүрегіміз жылу мен махаббатқа толды. Жүрегіміздегі осындай жылумен
сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі жұмыс ұраны: «Білгенімізді қайталаймыз!»
III.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс
Қоңыр күздің тағы қандай белгілерін білесіңдер? Қандай
табиғат құбылыстары болады?
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан......Жалғастыр
-Өлеңді жазған кім?
-Бүгінгі сабаққа байланысы қандай?
Теңдеулерді шеш.
№2.Ойын:
«Үйді жылыт».
Қоңыр күздің суығы шыдатпай барады. Үйімізге
түтін түтетіп, от жағып, жылытпасақ болмай тұр. Ол үшін тапсырмаларды орында.
Тапсырма:79 бен 81 –дің арасындағы сандарды өсу ретімен жазып,
үйдің нөмірін анықта. Сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде
жазып,салыстыр.
№3. Үйімізге келген Қалқанқұлақ
қонағымыздың жұмбақ тапсырмасын орындау.
№4.Өздерің
оқыған Абайдың «Күз» өлеңінде
-Жылқы неліктен қашып,жарысады? Ойыңды білдір.....
-Көп жылқыны қалай атайды?
-Келесі тапсырма осы жылқы малына байланысты болмақ.
Есепті шешу тақтада орындалады, шығару жолы талданады, ал
содан кейін тапсырмалар арасындағы байланыс анықталып, тапсырмаларды есепке
айналдыру,оны шығару жұмысы ұсынылады.
Сергіту сәті
Біз күздегі жапырақпыз,
Бұтақтарға жабысқан.
Жел соқты да ұшып кеттік,
Ұшып кеттік алысқа.
Жерге баяу қонақтадық,
Тағы соқты жел келіп.
Жапырақты көкке ұшырды,
Ауада сәл тербеліп,
Тағы қондық жерге біз.
Рефлексия
№6. Жерге
қонған жапырақтар тапсырмасы:мысалдар құрастыр,
оларды шығар.
Жапырақ , жер бетіне шық түсті....
№7.Топтық
жұмыс. Өзара тексеру.
Ойын:«Кел,
ойнайық!» Сөз құрастыр: палитра.
Бүгін
айтылған қоңыр күздің құбылыстарынан алған әсерлеріңді қандай түспен,
Математиканың қай таңбасымен берер едіңдер:
«+» әлде «-»
Үй
тапсырмасы.63-бет. №5, «Жасыл қоршау»
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.