Қосу мен азайту 26+30 56-30
31-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30 56-30
Мақсаты:Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды
азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын
есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық
жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің
«сынап көру» тәсілін пысықтау.
I.Ұйымдастыру
сәті
II.
Тірек білімді еске түсіру
а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері)
-Саннан (28,
43, 54) кейін келетін санды ата.
-Санның (30,
55, 79) алдындағы санды ата.
-Санның (50,
76, 94) көршілерін ата.
-Сандар қатары
(21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.
-Сандардың
жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай
болсын.
-Не шықты?
Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40).
-Екінші
қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?
ә) Зейінділікке есеп.
Үстел үстінде 10
алма жатыр еді.Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?
III.Сабақтың
тақырыбын және мақсатын хабарлау.
-Бүгінгі біздің
сабағымызда қандай санау бірлігі негізгі болып табылады?
Оқулықпен жұмыс
№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы
ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және
азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.
Ондықтарға ондықтарды қосады.
Ондықтарды
ондықтардан азайтады.
№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды.Екі
таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30,
83-30).
Мысалы:
-53 және 30
сандарының қосындысы;
-Бірліктерге
бірліктерді қосу;
-Нәтижені сол
жақтан екінші орынға жазу;
-Ондықтарды
ондықтарға қосу;
-Нәтижені сол
жақтан бірінші орынға жазу;
-Қосындының
мәні 83.
№3. Өзіндік
жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге
орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.
№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін
ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада
жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша
орындаған қолайлы.
Болғаны-? 12
12
Бергені-2қ. 2 ?
Қалғаны-10қ. ?
10
10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ)
Жауабы: 12 қ
болды. Жауабы: 10қ
қалды. Жауабы: 2қ берді.
Сергіту сәті
№5.Көрнекілікке сүйеніп,уақытты ауызша анықтайды.
Рефлексия.Шығармашылық
жұмыс
Үй
тапсырмасы. 57-бет. №6
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.