Қайталау.
25-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты:Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту тақырыбында
қарастырылған мәселелерді тиянақтай түсу.
I.Ұйымдастыру сәті.
Бір,екі -басымыз тік.
Үш,төрт -қол созамыз.
Бес дегенде -қолды сермеп,
Алты деп партаға отырамыз.
II.Тірек
білімді еске түсіру
Уақытты үнемді пайдалануға
көмектесетін қандай техника жетістіктерін атай аласыңдар?
А)«Кім
ауылға тез жетеді?» ойыны
Жазғы демалыста ауылдағы атасы мен әжесіне тезірек жету үшін жолға шықтық. Сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап берген баланың көлігі ауылға жылдам жеткізеді.
Ә)Есепте!
Ойын :«Кім жылдам?»
Ауызша санау. Доппен
ойын:сұрақ –жауап.
III.Сабақтың
тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс
№1.Бірінші бөлігі тақтада мұғалімнің басшылығымен
орындалады. Содан кейін оқушылар өздігінен кері есептерді құрады және шығарады.
Тапсырманың екінші бөлігі нұсқа бойынша жұппен жұмыс ұйымдастыру арқылы
орындалады, оқушылар алдымен есептерді шығарады. Содан кейін бұлардың кері
есептер болатынын бір біріне дәлелдейді. Жұмысты талдау,кеткен қателерді жою.
№2,№3. Математикалық
диктант
Қосу мен азайтудың компоненттерін ата.
№4.Ауызша түсіндіре отырып орындалады. Жұмысты бастамас
бұрын 1 дм= 10 см теңдігін және ірі бірліктен ұсақ бірлікке көшу ерекшелігі
еске түсіріледі.
Рефлексия.
№5.Өзіндік жұмыс
Орындап болған соң, оқушылар өз нұсқаларын жалпы
талқылауға ұсынады. Балаліар нақтылай түсетін сұрақтар қоюына болады.
Шығармашылық тапсырма. Уақыт 3-5 минут
Еркін талқылау түрінде ұйымдастырылады.
Сендер қонаққа барғанды жақсы көресіңдер ме? Неліктен?
Үй
тапсырмасы. 47-бет. №6
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.