Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).
23-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Уақыт және оны өлшеу.Сағат (сағ). Минут (мин).
Мақсаты:Қандай да қайталайтын құбылысты сипаттайтын шамалардың
бірі ретінде уақыт аралығы жайында түсінік беру және оның бірліктері сағатпен
және минутпен таныстыру; сағат және минуттың ара қатынасын тағайындау, өзара
кері есептер құру және шығаруды пысықтау; сандарды және сәйкес шамаларды қосу
мен азайтуды салыстыра қарастыру; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және
салыстыруға машықтандыру.
I.Ұйымдастыру сәті
II.Тірек білімді еске түсіру
А) Ассоциация картасын құру.
-Осы сөзді естігенде,сендердің бастарыңа қандай ой
келеді?
-Неліктен уақытты үнемдеу керек?
-Уақыт жайында қандай мақалдарды білесіңдер?
Балалар ассосациясы жазылады.Барлық сөздердің ішінен
сабақта қолданылатын сөздер айшықталып бөлініп алынады.
Ә)Ойын:
«Сағат сатып ал»
Адамға ең қажет нәрсенің бірі – сағат. Ол әрбір уақыттың маңызды екенін көрсетіп тұрады. Сондықтан өздеріңе ұнаған сағатты сатып алыңдар.
III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен жұмыс
Өздерің таңдаған сағатпен
танысамыз.
№1.Сағат моделі пайдаланылып, практикалық жұмыстар
жүргізіледі. Қолдарындағы сағат модельдерімен оқушылар бір сағатқа дейінгі
дәлдікпен уақытты анықтауға жаттығады. Толық дөңгелекті минуттық тілдің бір
айналып шығуы 1 сағат, ал 1сағ=60 мин екенін мұғалім түсіндіреді.
№2.Практикалық
жұмыс.
Еркін талқылау түрінде жұмыс жалғасады. Қолдарындағы
сағат модельдерімен оқушылар қашан ұйқыдан тұратынын, ойнайтынын, демалатынын,
сабаққа баратынын, ұйықтайтынын т.с.с. бір сағатқа дейінгі дәлдікпен көрсетуді
талап етеді.
№3. Жұппен
жұмыс.Уақыт 2-3 минут.Оқушылар жолдасына неліктен сағат
тілдерінің осылайша
орналасатынын түсіндіреді. Осыдан соң қажетті түзетулер
енгізе отырып, мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды.
№4.Математикалық
диктант.
Жауаптың дұрыс нұсқалары тақтаға ілініп, оқушылар өзара
тексеруді орындайды. Жиі кездескен қателер бойынша талдау жүргізіледі.
Сергіту сәті
Суреттегі қоян әрбір 13-ші сәбізді жегенде ең соңынан қызыл сәбізді жейді екен. Сағат тілінің бағытымен санағанда қай сәбізден бастап жейді?
№5.Есепті шығару
мұғалім басшылығымен тақтада жүргізіледі. Бір кері есеп талқыланады және
жазылады. Екінші кері есепті оқушыларға өздігінен жазу ұсынылады.
Рефлексия.
№6. Ойын
жарыс:«Кім жылдам?»
Оқушы бір минут ішінде жауаптың нұсқаларын ғана жазады.
Жұмыс алдында шамаларды қосудың ерекшелігі міндетті түрде еске түсіріледі.
Топпен
жұмыс. «Менің күн режимім» жобасын дайындап,қорғау
Үй тапсырмасы. 43-бет, «Жасыл қоршау»
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.