Ауызша қосу және азайту тәсілдері.
14-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Ауызша қосу және азайту тәсілдері.
Мақсаты: Ондықтарға 1-ді
қосу тәсілімен таныстыру және сол тәсілді сандарды, сәйкес шамаларды қосуда
қолдану үлгісін көрсету; ондықтардан 1-ді азайту тәсілімен қатыстыру және сол
тәсілді сандарды, сәйкес шамаларды азайтуда қолдану үлгісін көрсету; өзара кері
есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыру; екі таңбалы сандарды оқу, жазу
және салыстыру жайындағы білімді бекіте түсу.
I.Ұйымдастыру сәті
Ойын: «Мен ұнататын сан.....» Неге? Ойыңды жалғастыр
-Жақсы балалар, ендеше бүгін
біз тапсырмаларды орындай отырып, әр сан ұғымының мәнін ашсақ деймін. Қалай
ойлайсыздар?Ол үшін сандар туралы білімімізді еске түсіріп көрейік.
II.Тірек білімді еске түсіру
Тура және кері бағытта 1-ден 20-ға
дейін санау.
Тура және кері бағытта 32-ден 42-ге
дейін санау және т.с.с.
Келесі санды атаңдар:10, 20, 30
, 40,.... 90.
Алдыңғы санды атаңдар:10,...,100
Көршілерін атаңдар:18, 8 , 88.
Қандай сандарды бір таңбалы
дейді?
Қандай сандарды екі таңбалы
дейді?
Санда неше ондық және бірлік
бар?
Мұғалім 3,7,10,11, 12, 13, 14,
15,..... 20сандары жазылған карточкалар көрсетеді. Оқушылар осы карточкаларды
олардағы сандардың кему ретімен орналастырады.
III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқулықпен
жұмыс
№1.Дүниеде 1
ұғымына сәйкес келетін атаулар.....
Бір таңбалы сандарды өсу және
кему ретімен жазу;
А)Ә)сандарды салыстыру;
№2.Екі сөзіне
синоним болар сөз: қос,жұп,.Ал,қандай
атаулар білесіңдер?(қос аққу, көз,құлақ,аяқ...)
Толық ондықтарды өсу және кему
ретімен жазу;
А)Ә)сандарды салыстыру;
№3. 3 ұғымына сәйкес
келетін атаулар: бағдаршамның үш көзі, , т.б
Мұғалімнің сызғыш көмегімен амалдар нәтижесін қалай
табатынын қадамдай түсіндіруі;
Ал екінші бөлікті оқулық суретін пайдаланып,оқушылардың
өздері түсіндіруі.
№5.5 ұғымына сәйкес
келетін атаулар: 5 баға, саусақ, 5-күн, 5 асыл, дұшпан,5қару, 5парыз т.б
Есепке граф құрып, талдап,кері есептердің мүмкін
нұсқаларын талқылайды, біреуін жазбаша, қалғанын ауызша түсіндіріп орындайды.
Рефлексия.
№6. 6 ұғымына
сәйкес келетін атаулар: 6 материк, 6-күн, 6-ай қыс т.б
Өзіндік
жұмыс.Өз таңдауларын дәйектей отырып, оқушылар дәптерге тек
қана шешулері бірдей теңдеулерді жазады.
Шығармашылық тапсырма.
Көрнекілік бойынша басшылық
жасай отырып,орындау
4 ұғымына сәйкес келетін атаулар:көкжиектің 4тұсы, 4 жыл
мезгілі т.б
Үй тапсырмасы.27-бет. №4,
қалған бір таңбалы 7,8,9 сандарына сәйкес келетін ұғым атауларын жазып келу
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.