Қайталау.
12-сабақ.
Сабақтың
тақырыбы: Қайталау.
Мақсаты: Екі таңбалы сандарды оқуды, жазуды және салыстыруды
тиянақтай түсу; өзара кері есептер құруға машықтандыру; ұзындық, шама және
сыйымдылық туралы түсініктерді бекіте түсу, ұзындықтарды салыстыру және шамаларды қосу мен азайтуды пысықтау.
I.Ұйымдастыру
сәті
Қайталау -білім анасы,
Қайталайық,қалмайық,
Бір орында тұрмайық,
Шапшаңдық пен жылдамдық,
Болып сабақ ұраны.
Спортқа қадам басайық,
Ойнайық та, ойлайық,
Есепке терең бойлайық,
Қане, қалып қоймайық!
-Қандай спорт түрлерін ұнатасыңдар?
ІІ.Қайталау.Оқулықпен
жұмыс
№1 Математикалық
диктант
«Кім мерген?»
ойыныСандарды жазып, ұпай жина. Өзара тексеру.
№2.Берілген өлшем бойынша кесінділер сызу. Кесінділердің
қосындысы мен айырмасына тең кесінділер сызу жұмыстары орындалады.
№3.Спорт
ойындарына керекті екі жұптан тұратын құралдарды ата.
Ондықтары мен бірліктерінің орнын ауыстырғаннан мәні өзгермейтін екі таңбалы сандардың барлығын жазу. Ең үлкені мен кішісін атау жұмыстары жүргізіледі.
№4. -Спортпен шұғылдану үшін адамға не керек ?
-Күш болу
үшін қалай тамақтанған жөн?
-Адам ағзасына
пайдалы қандай тағам, сусындарды білесіңдер?(қымыз,шұбат,сүт т.б)
Ә)Есептерге граф, мәтін құрып, талдап, орындайды.
Есептердің өзара кері екенін дәлелдейді.
Сергіту сәті
Есептедік, шаршадық,
Орнымыздан тұрайық.
Қимылдатып аяқты,
Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық,
Соқтығысып қалмайық,
Сәл демалып алған соң,
Жазуды қайта жалғайық.
№5.-Сызбаны қалай атауға болады? (геометриялық фигура,
алтыбұрыш, көпбұрыш..)
-Көпбұрыш деген не? Қандай спорттық құралдан кездестіруге болады?
Сандардан футбол добын құраймыз.
Берілген сандарды ондықтары мен бірліктеріне ажырат.
Ондықтар мен бірліктерден сан құрап жаз
№6. Өзбетіндік жұмыс
Келесі есебіміз осы футбол
ойынына арналады. Есептің графын құрып,шығару
Берілген шамаларды өлшем бірліктеріне ажырат.
Үлкен өлшем
бірліктерінен кіші өлшемге өту жұмыстары орындалады
№7 Эстафета
«Кім жылдам?» Алдарыңдағы дайын жазбаларға
салыстыру таңбасын қойып, кім бұрын болады. Өзіндік тексеру.
III.Рефлексия.
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Артық әріпті сызып, санның атауын табу.Жауабы: 9,40,80 . Осы
сандарға байланысты ұғымдардан мысал келтіру.
Үй
тапсырмасы.24-бет. №4.(а)
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.