так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Географии / География 7 сынып. Солтүстік Америка материгі бойынша танымдық зерттеу сабағы.

География 7 сынып. Солтүстік Америка материгі бойынша танымдық зерттеу сабағы.


Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жетілдіріп және белсендігін арттыру үшін жаңа тәсілдерді пайдаланып, тақырыпты оқушы есіне ұзақ сақталардай жеткізу мақсатында «Солтүстік Америка құрылығы» тақырыбын қорындылау сабағы өтілді.

Солтүстік Американың физикалық, саяси, климаттық және табиғат белдемдері картасы, атлас, кескін карталары, суреттер, сабақтың көрнілігі ретінде пайдаланылды.

Оқушылар топтарға бөлініп отырады. Әр топ өз мамандықтарына байланысты аты жазылған белгілерді тағады.

 

 

І топ- «Географ».                              ІV-«Биолог».

ІІ топ- «Климатолог».                      V-«Этнограф».

ІІІ топ –«Гидролог».

 

Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады:

Біз өткен сабақтарымызда Солтүстік Америка туралы танымдық- зерттеу жұмыстарымызды әр түрлі ғылым өкілдерін қатысуы арқылы құрлықты  зерттеуден бастаған едік бүгінгі сабақта сол тапсырмалар- зерттеу жұмыстарымызды   қорытындылаймыз.

Әр топ тапсырмалар бойынша  жұмыс жүргізеді.

Топ мүшелері өздеріне берілген сұрақтарға жауап берген соң кесте, диаграмма толтырып, қысқаша тапсырмалар орындайды.

 

І Ақпарат бөлімі

«Географ» (бұл топ геолог, геоморфолог, тарихшы бар) тобы Солтүстік Американың географиялық орнын, ашылу және зертеу тарихын пайдалы қазбаларын зертейді.

«Климатолог» тобы Солтүстік Америка құрлығының климатының басты ерекшелігін, күшті  желдер, құйын жауындар, торнадо және климат белдеудерін зерттеп, әр қалалардағы жауын- шашын мөлшерін анықтап, салыстырады.

«Гидролог» тобы материктің өзен жүйелерін, экологиясын, Колорадо каньонын, Ниагара сарқырамасын, көлдерін зерттеп,сипатама жасайды.

«Биолог» ( бұл топта ботаник, зоолог, эколог бар) тобы әр табиғат  белдемінің өсімдіктерін, жануарларды, топырағын, ерекше өсімдік- жануарларын (ұлттық саябақтар) зерттейді.

«Этнограф»  тобы Солтүстік Американың халқын (аборигендерін, келімсек халықтарды, әдет- ғұрыптарын) зерттеп   саяси картадағы елдерге  талдау жасайды.

 ІІ. Зерделілік бөлімі

 

 «Адасқан» объектілерді сәйкестендіру.

 Гудзон                                              тау

Мак- Кинли                                 жазық

Съерра-Невада                            шығанақ

Орталық                                        шың

Аппалач                                          жота

 

 

 

 

ІІІ. Жаттығулар бөлімі.

Топтарға толтыруға кестелер беріледі.

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.