География "Жергілікті жердің планы,салыстырмалы және абсолют биіктік.Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру" 6 сынып
14.06.2015
32685
0
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
Сабақтың мақсаты: «Жергілікті жердің планы » ұғымын тұжырымдау.
Жергілікті жердің бейнесін планда,
аэрофотосуретте,суретін салуда,оны шартты
белгілермен бейнелеудедегі айырмашылығы.
Абсолюттік,салыстырмалы биіктіктер,бергштрих
горизонтальдар ұғымымен оқушыларды
таныстыру.Абсолюттік биіктікті анықтап,
салыстырмалы биіктікті есептеу жолдарын
үйрету.
Көрнекілік: Планшет ( сұлбалық), қара қарындаш,тұсбағар,
түрлі-түсті қарындаш,ақ қағаз,терминдер
жазылған үлестірме материалдар,горизонталь,
бергштрих,салыстырмалы биіктік,абсолюттік
биіктік,топографиялық материалдар,
деңгейлегіштің кішірейтілген моделі,төбе,шұңқыр бейнеленген ақ қағаз ( төбе мен шұңқырдың беткейлері әртүрлі бейнеде болуы керек). Топографиялық шартты белгілер.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Үй тапсырмасын пысықтау. Ойын түрінде өткізіледі
« Масштабтар » еліне саяхат ойыны.
Топпен жұмыс.Топтың саны-жұп.Әрбір топта 4 оқушыдан.Оқушылар тапсырманы кезекпен орындайды, жауабын дәптерлеріне жазады.( Әрбір топ өздері бірігіп те жаза алады)
Бірінші кезең
Атаулы масштабты сандық масштабқа айналдыру.
1см-10м (1:1000) 1см-200 м (1:20 000)
1 см-50 км (1:5 000 000) 1см-750 м ( 1:75 000)
Екінші кезең
Сандық масштабты атаулы масштабына айналдыру.
1:10 000 1:30 000 (1 см-100 м) ( 1см-300 м)
1:750 000 1: 100 000 (1 см-7500м) (1 см-1км )
1см-7км 500м
1см-7,5 км
Үшінші кезең
Картадан екі нүктенің ( екі объектінің ) арасын өлшеп,жергілікті жерде қанша қашықтыққа сәйкес келетінін анықтау.( Топографиялық карта бойынша). ( Мысалы:1:10 000 арақашықтықтың 2см. 1см-100 м. 2 .100=200м)
Төртінші кезең
Оқушылар солтүстік бағытқа қарай 5000 м жүрді.1см-1 км сәйкес келетіндей етіп қозғалыс бағытын сыз.( 5000 м =5 км)
А• 5 см •Б)
Бесінші кезең
Картадағы масштабы 1:35 000 000 көрсететін қабырғалары 1 см тұратын шаршының нақтылы ауданы қанша?
( 1:35 000 000 1см-350 км) Қабырғасы 350 км болса, S=122500 км.²
S=(а х в) =( 350 х 350) =122500 км.²
Алтыншы кезең
5 км жолдың ұзындығы планда 20 см болып кескінделген,олай болса планның масштабы қанша? ( 5 км = 500 000 см 500 000 : 20 = 25 000 1: 25 000 )
Тапсырма орындалып болған соң топтар өзара дәптерлерін алмастырады және мұғаліммен бірге дұрыс жауабын анықтайды.Тапсырманы толығымен дұрыс орындаған топтардың жұмысын атап өту.Қате жіберген топтардың қателіктері анықталып,келешекте мұқият болуларын ескерту қажет) . ( Жауап бағаланады.)
III. Жаңа тақырыпты оқып білу.
-Жер бетінде жыра,төбелер кездеседі,ал карта беті тегіс.Тегіс картада жер бетінің тегіс еместігін қалай бейнелеуге болады?
-Әрине бұл сұраққа жауап беруге қиналасыңдар бірақ проблеманы қалай шешуге болатынын өздеріңше тұжырымдай аласыңдар.Осы проблеманы шешу бүгінгі сабағымыздың тақырыбы болады.
-Олай болса дәптерлеріңе бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қойыңдар
-Сендердің отбасыларың өзен жағасынан үй сатып алмақшы болды,бірақ су тасу кезінде жағалауға су 2 м көтерілетінін білдіңдер.Сатуға тиісті үйді су алып кете ме? Әлде?
Оқушылардың екі жауабы болады: 1) Судың астында қалады
2) Судың астында қалмайды
- Сыныпта қанша пікір бар? ( Екеу 1) су басады 2) баспайды)
- Не себептен нақтылы жауап бере алмайсыңдар? ( Өзеннен үй қанша биіктікте тұрғанын білмейміз)
- Сендерге деңгейлегіш көмектеседі.
География оқулығы бойынша ( 26-бет) оқушылар деңгейлегіштің құрылысын өздері оқып алады.Деңгейлегішпен қалай жұмыс істеуді мұғалім түсіндіреді.
Жар беткейінің биіктігін өлшеу үшін деңгейлегішті судың ( өзен суының) дәл шетіне беткейге тік вертикаль қойылады.Деңгейлегіштің горизонтальдық жұқа тақтайшасы беткейге бағытталады .Осы нүктеге көмекшінің көмегімен қазық қағылады.Қазық қағылған жерге деңгейлегішті алып барып келесі нүктеге бағыттайды. Деңгейлегіштің биіктігі 1 м болғандықтан , жарлы беткейді өрлей отырып неше қазық қағылса, сонша биіктік болғандығы анықталады.( Сызбадағы беткей биіктігі 4 м болды).
-Еріген қар суынан өзен деңгейі ( 2м) көтерілгендіктен сатып алынатын үйді су баса ма? ( Жоқ)
- Біз үй тұрған жердің биіктігін өзен жағасымен салыстыра отырып таптық.Біз қандай биіктікті таптық? ( оқулық 26-бет)
Жауабыңды түсіндір. ( Салыстырмалы биіктік – кез-келген нүктенің басқа бір нүктеден айырмасы, үлестірме материалдан анықтамасын табады).
Мұғалім тақтаға төбенің сызбасын сызады немесе алдын-ала дайындалған сызбаны интерактивті тақтаға шығарады.Ол төбенің беткейлері әртүрлі болады.
Тақтаға екі оқушы шығып,деңгейлегіш арқылы бірі батыс беткейін, екіншісі шығыс беткейін өлшеп анықтайды.
- Сонымен батыс беткейінің салыстырмалы биіктігі 5 м,ал шығыс беткейі
3,5 м. Төбенің биіктігі сонда қанша болды? ( Оқушылар әртүрлі пікірлер айтады. Оқулықты оқып шығыңдар.)
-Бұл мәселені шешу үшін,біз биіктіктің екінші түрін қарастырамыз.(26-бет,анықтаманы – үлестірме материалынан табу).
Абсолюттік биіктік-теңіз деңгейінен есептегендегі биіктік.
-Сызбада не жетіспейді? ( Мұхит деңгейі жетіспейді)
- Проблема қалай туындайды? Дүние жүзілік мұхит алыста,үнемі салыстырмалы биіктікті өлшеп жату да қолайсыз,әрі қиын)
-Сендерге олай етудің қажеттілігі жоқ.Топографиялық картаға көз салсаңдар,сендерге тиесілі барлық істі топографтардың орындағанын көресіңдер.Биіктік картада қалай бейнеленеді? ( Қоңыр сызықтармен және сан мәндерімен.)
Келесі сызбаға қараңдар.
- Төбенің абсолюттік биіктігі қанша? ( 159,3 м)
- Төбенің батыс бағыттағы етегінің салыстырмалы биіктігін анықтау
( 159,3-127 м =32,3 м)
- Шығыс бағыттағы етегінің салыстырмалы биіктігі
( 159,3-140 м =19,3 м)
- Сонымен қорыта келе,абсолюттік биіктіктің салыстырмалы биіктіктен айырмасы қандай?
Абсолюттік биіктік-теңіз деңгейімен алғандағы биіктік өлшемі.
Салыстырмалы биіктік-төбенің етегі мен басының биіктігін өлшейді.
-Салыстырмалы биіктікті өлшеу үшін не керек? ( Салыстырмалы биіктік төбесінің абсолюттік биіктігінен етегінің биіктігін алып тастағанға тең)
-Абсолюттік биіктікті қалай анықтайсыңдар? ( Картадағы биіктік белгісімен)
Мұғалім тақтаға сызба сызады не интерактивті тақтаға шығарады.
А-нүктесінің абсолюттік биіктігі қандай? ( оқушылар жауап беруге қиналады).
-Кез-келген нүктенің картадағы абсолюттік биіктігін анықтау үшін, картаның барлық бетін биіктік белгілерімен толтырып тастаудың қажеттілігі жоқ, горизонталь арқылы да көрсетуге болады.Горизонталь –картада бірдей нүктелерді қосатын сызық ( Үлестірмедегі терминді табу).
-Горизонтальдар топографиялық картада 1,5, 10,25, 50 метр сайын жүргізіледі.Оны қалай жүргізуге болады?-Сендер серуенге шықтық – деп есептеңдер,сендердің бөлінулеріңді сұрады делік, бір топ батыс беткейді, екіншісі-шығыс, үшіншісі-солтүстік, төртіншісі – оңтүстік беткейдің биіктігін өлшейтін болады. Барлық топ қадаларды қағып болған соң, бір оқушы қара жіп шумағын немесе қызыл сырмен бар қадаларды бір-бірімен қосып шығады. Ең алдымен бірінші, содан екінші, үшінші т.с.с. қатарларды қосады. Одан кейін әуе шарына отырып алып жоғары көтерілсеңдер не көрер едіңдер?
-Егер көңіл аударған болсаңдар, бір сызық 1 м биіктікті, екіншісі -2 м, үшінші -3 м т.с.с. қосқанын көресіңдер. Бұндай горизонтальдардың әрбір 1 м биіктіктер сайын қосылған деп атайды. Горизонталь бойына биіктік өлшемдерін жазып отырады.
-Егер горизонтальдар әрбір 5 м жүргізілсе қалай жазар едіңдер?
( 5,10,15,20,25 )
-Қандай беткейі тік? ( Батыс беткейі)
-Горизонтальдардың ара қашықтығы мен тіктігіне қарап қандай байланысы барлығын түсіндіруге бола ма? ( Горизонтальдар неғұрлым жиі орналасса беткей тік болады, бір-бірінен алыс орналасса беткей жатық болады).
Интерактивті тақтадан екі түрлі сызылған горизонталь көрінеді, бірі төбенікі, екіншісі шұңқырдікі, қайсысы төбе, қайсысы ойыс екенін анықтаңдар.
Оқушылар жауап бере алмайды.
-Бұл сызбалардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? ( Бірінші сызбада көлденең сызық сыртына,екіншісінде – ішіне қарай сызылған).
-Бұл көлденең сызықтар бергштрих деп аталады.Бұл қысқа көлденең сызықтар беткейдің бағытын көрсетеді.Олай болса қай сызба төбенікі? ( біріншісі).
Ал екіншісі -әрине щұңқырдікі ( сайдыкі)
Жергілікті жердің планын қарастырғанда,оқушылардан план қандай мамандық иелеріне қажет болатынын сұрауға болады.Содан кейін жергілікті жердің планындағы белгілі бір жердің суретін, аэрофотосуретін және оның кескінделген планын салыстыруларын талап ету қажет.
-Қандай айырмашылықтары бар?( Аэрофотосурет тік ұшақпен төбесінен түсірілген, сурет-суретшінің салған бейнесі, план арнаулы шартты белгілермен бейнелеу).
Олай болса жергілікті жердің планын оқып білу үшін топографиялық шартты белгілерді білу керек ( оқулықтан 25-бет).
-Қазіргі кезде план мен карта графикалық шартты белгілерді пайдаланады.
( Мұғалім интерактивті тақтаға сурет пен графикалық бейнені шығарады. Сурет №2 .58- бет,Метод.пособ. 6-кл.)
-Енді топографиялық шартты белгілерді пайдаланып, әңгімені оқып шығыңдар.(Экранға әңгіме мәтіні шығады . 17- бет,5 класс, оқулық Физич.геогр.)
« шыққан жол лагерьге дейін арасымен арқылы өтті.Жолды қысқарту үшін біз , жанымен, арасымен жанымен жүрдік.15 минуттан кейін біз жағасына келіп одан арқылы өттік.Одан кейін жүріп өз лагерьіміздің жанындағы келдік.
Осындай жергілікті жердегі объектілерді топографиялық шартты белгілермен кескіндеу үшін әртүрлі әдістерді қолданады.
-Айналаны нысаналау әдісі-шағын жерді планға түсіру үшін қолданылады .(Оқулықтың 29-бет,26-сурет).
2.Айналып шығу әдісі-планға түсірілетін жердің аумағы үлкен болған жағдайда оны толық айналып шығу қажет болады.Сондықтан планға түсіру кезінде бірінші нүктеден екіншіге,екіншіден-үшіншіге т.с.с. қозғалуға тура келеді.
3.Көлденең сызықтар әдісі-жолға жақын, жолдың екі жағындағы объектілерді планға түсіруде пайдаланылады.( Оқулықтағы 29-бет,27-сурет)
Сипаттау арқылы жергілікті жердің планын түсіру
Тапсырма мазмұны Тапсырманың орындалуы
Берілген белгілі бір жерде солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай тас жол (шоссе) өтеді.Оны оңтүстік -батыстан солтүстік-шығысқа қарай бағытталған дала жолы кесіп өтеді. (Дала жолы-грунт жолы) Парақтың дәл ортасынан тас жол және дала жолы өтетін нүктені белгілейді.Осы нүктеден солтүстік бағытты анықтап,солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін тас жолды белгілейді.Осы нүктеден оңтүстік-батыс және солтүстік-шығысты анықтайды және дала жолын белгілейді.
Тас жолдың бойымен 1,5 км созылатын Сорокино елді мекені дала жолымен тас жолдың қиылысқан жеріне 5 км қашықтықта орналасқан. Масштабқа сәйкес тас жолмен дала жолының түйіскен жерінен солтүстікке қарай 10 см салып,елді мекеннің оңтүстік шекарасын анықтау. Тағы да 3 см салып,оның солтүстік шекарасын белгілеу.Елді мекенді шартты белгімен белгілеп,тас жолдың екі жағына салады.Елді мекеннің аты жазылады.
Елді мекеннің батыс бөлігінде бау салынған. Елді мекеннің батысын анықтап,шартты белгімен бақты салып,оның батыс,шығыс,солтүстік шекараларын дәл көрсету.
Оңтүстік-батыс бағытта ағып жатқан өзенге салынған темір көпір дала жолы мен тас жолдың түйіскен жерінен 3 км қашықтықта оңтүстік бағытта. Дала жолы мен тас жолдың түйіскен жерінен оңтүстікке қарай 6 см салып метал көпірді белгілеу.Көпірдің ортасынан оңтүстік-батыс бағытты анықтап, өзенді белгілейді.Бағыттағышпен өзен ағысын белгілейді.
Өзеннің оң жағалауында шалғын,ал сол жағалау бойында аралас орман бар. Өзеннің оң және сол жағалауын табу.Оң жағалау бойында шалғын,сол жағалау бойында аралас орманның шекаралары нақтылы белгіленбейді.
Тас жол бойымен көпірден елді мекенге дейін жолдың екі жағында ені 500 метрлік бұта өскен. Масштаб шамасы бойынша тас жолдың екі жағында 1 мм батысқа және шығысқа қарай өскен бұта шекарасын шартты белгімен белгілеп салу.
Масштаб 1: 50000
(Қосымша)
Айнала нысаналау әдісі бойынша тапсырма
Мектептен шыққан серуеншілер тас жолмен 20 º азимутпен 600 м жүріп стадионға келіп жетті.Тас жолдың екі жағында 30 м қашықтықта бұта егілген.Стадионнан тас жолмен 110 º азимутпен 800 м жүргенде өзенге кездеседі.Өзен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ағып жатыр.Өзеннің оң жағалауында шалғын, сол жағалауы жар.Өзеннен көпір арқылы өтіп, 180 º азимут бағытымен сирек орманды 500 м қара жолмен жүргенде жан-жағында қамыс өскен көлге келді. Сол жерде біраз дем алып, көлдің батыс жағалауымен айналып өтіп 240 º азимутпен 1км жерді қара жолмен жүрді. Қара жолдың батысында 50 м жерде тас қорымдар, шығысында 50 м кесілген ағаш бар екен. Қара жол серуеншілерді аралас орманға алып келді.Орман ішінде жолмен солтүстікке қарай жүргендe 400м кейін орманшының үйіне жетті.
Масштаб 1: 10000
1 см- 100 м
Оқушылардың деңгейіне байланысты тапсырманың қиындығын өзгертуге болады. Сонымен бірге оқушылардың тапсырманы өздерінің құрастыруына мүмкіндік беріп,таным әрекетін жоғары дәрежеде дамытуға болады.
IV.Сабақты бекіту
Атластағы картаны пайдаланып, жергілікті жер планымен жұмыс істеу.
V.Үйге тапсырма
§ 9,10. Дәптерге шартты белгінің суретін салу.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.