Информатика. Сайыс тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Сайыс
мақсаты: Оқушылардың информатика пәні
бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен
тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
Көрнекі
құралдар: Перезентация, сөзжұмбақ, ребустар, қосымша құрылғылар және т.б.
Сайыс
барысы:
І
ұйымдастыру кезеңі.
Ежелден келе
жатқан әдеп-ғұрпым,
Сәлем берем
иіліп саған жұртым!
Қабыл алғын
мұны бір ілтипат деп,
Қазақтың
жалғастырар көне салтын.
Құрметті ұстаздар,
көрермендер және Білімалушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 11 сынып
білімалушылары арасында «ХХІ ғасыр
көшбасшысы» атты Информатикалық - интеллектуалды ойынды
бастауға рұқсат етіңіздер. Ең алдымен, ойынымызға төрешілік ететін коммиссия
мүшелерімен таныстырып өтсем.
Коммиссия
мүшелері: физика пәнінің озық ұстазы , Степногор орта мектебінің орта буын
оқытушысы Буйдахан Хибат. Математиканың қыр-сырын терең меңгерген ұлағатты
ұстаз Дорветхан Ахштаб.
Ендігі
кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген
білімалушыларды қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп
қалғандай танысатын, – дегендей сайыскерлерімізбен
танысып алсақ.
Сайыскерлер де, көрермендер де дайын болса ойын ережесімен
таныстырайын. Жалпы ойын ІҮ кезеңнен тұрады:
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Дода»
ІІІ кезең
«Көкпар»
ІҮ кезең «Жорға»
-
Мінекей
залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз
Ойыншылармызға сәт сапар тілейік!
І кезең «Бәйге»
Шарты: Әртүрлі сұрақтар берілген ,оған оқушылар
қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің
жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3
бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балл көп жинаған оқушы келесі 2
кезеңде бірінші болып сұрақты таңдау құқығына ие болады.
Қарап
тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін
сөзі.
Жауабы: Ақпарат-Информация-Information
2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы.
Жауабы: Пернетақта-клавиатура-Keyboard
3. Компьютер пенетақтасында қанша перне бар?
Жауабы: Жүз бір-сто один-One hundred one
4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек.
Жауабы: тышқан-мышка-mouse
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің,
операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін
көрсетеді.
Жауабы: енгізу-ввод-enter
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Жауабы: өшіру-удалить-delete
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды
бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.
Жауабы: Бос орын-пробел-Proble
8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
Жауабы: терезе-окно-windows
9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады?
Жауабы: Шекара-Граница-Border
10. Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Жауабы: себет-корзина-basket
11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай
мәтіндік редактор.
Жауабы: кітапша-блакнот-notebook
12. Терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы I латын әрпінің түрін,
ал жұмыс бетінің сыртында кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.
Жауабы: меңзер-курсор-cursor
ІІ кезең «Дода»
Шарты: Ойынды
бірінші болып, алдыңғы кезең жеңімпазы бастайды. Әр оқушы өзі қалаған санды
таңдай отырып, қойылған сұраққа жауап беруі тиіс. Бұл сайыстан кейін ұпайы төмен
3 оқушы ойыннан шығады.
Келді кезек доданы да шешуге,
Жауаптарды табу керек лезде.
бөліктерін тез арада білсеңіз,
5-тік ұпай, шәкірт саған несібе.
1 - Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?
2 - Компьютердің қосалқы құрылғыларын атаңдар?
3 - Процессордың атқаратын қызметі қандай?
4 - Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
5 - Антивирустар дегеніміз не?
6 - Қандай вирусқа қарсы бағдарламаларды
білесіздер?
ІІІ кезең «Көкпар»
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.