Ақ кептер
№3 Хромтау орта мектебі
Ақ кептер
Сыныбы: 2 «ә»
Мұғалімі: Мурзагалиева Гульсезим Маликовна
2012-2013 оқу жылы
Күні: 19.10.12 ж.
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ақ кептер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын, негізгі идеясын
меңгерту
Сабақтың міндеті: 1.Білімділік. Оқушыларға ақ кептер туралы мағлұмат
бере
отырып, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушылардың ойлау,
есте сақтау,
еске түсіру қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.
3.Тәрбиелік.
Оқушыларды еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа,
шапшаңдылыққа, құстарға қамқор болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме
Көрнекілігі: суреттер, таспа
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
IV. Жаңа материалды меңгерту
V. Бекіту
VI. Үйге тапсырма беру
VII. Бағалау
VIII. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- оқушылармен
амандасу;
- оқушылардың
сабаққа дайындығын тексеру;
- оқушылардың
назарын сабаққа аудару;
- сабақтың
тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-
Төлеш пен Игілік
(мәтіннің мазмұнын сұрау)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
-
Төлеш пен Игілік
апайға кім болады?
-
Апай Игілікті қалай
сынады?
-
Игілік өзінің дұрыс
істемегенін қалай түсінді?
IV. Жаңа материалды меңгерту:
- Кіріспе әңгіме
Жұмбақ жасыру
«Бейбітшілік құсы» деп,
Атайды оны барша жұрт.
-
Ол қандай құс?
-
Көгершін
-
Дұрыс! Ендеше, біз
бүгін «Ақ кептер» әңгімесін өтеміз.
Кептер (Columbіdae) –
кептертәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең таралған (тек
полюстік облыстарда кездеспейді). Қазақстанда 2 туысы: кептер (6 түрі) және
түркептер (4 түрі) бар. Кептерлердің
қолға үйретілген түрін халық арасында – көгершін деп атайды.Кептерлердің
қанатының ұз. 180 – 250 мм, салм. 240 – 350 г (дыркептер – 600 г-дай). Басы
кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа болады. К-лердің көпшілігінің
қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті келеді. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын
жазбайды.
-
Ақ кептер
түрлерімен таныстыру.
-
Француз мондэні
-
Архангель кептері
-
Павлин кептері
-
Ағылшын кептері
-
Ақ
көгершін
-
«Ақ
көгершін» туралы аңыз тыңдату
-
Мәтінді мұғалім оқу
-
Оқушыларды оқыту
-
Мазмұнын талдау.
-
Еркін неге кешікті?
-
Еркін ақ кептерді көріп
қалды.
-
Әжесі Еркінге
неліктен риза болды?
-
Ақ кептерге қамқор
болғанына риза болды.
-
Сергіту сәті
V. Бекіту:
І. Оқушыларға 2 нұсқа бойынша тапсырма беру.
1. Ақ көгершін пішінімен қиылған қағазға тілек жазу
2. «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында әңгіме жазу.
- Жұмыс кезінде «Ақ көгершін» әнін қосу.
ІІ. Сөзжұмбақ шешу.
1.
4.
2.
3.
1. Әңгіме не туралы?
- Ақ кептер
2. Әңгімедегі баланың аты кім?
- Еркін
3. Ақ кептердің қолға үйретілген түрі
- көгершін
4. Ақ көгершін ненің символы?
- бейбітшілік
VI. Үйге тапсырма беру:
-
Мәтінді түсініп оқу
VII. Бағалау:
-
Сабаққа белсенді
қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Қорытындылау:
-
Сонымен балалар, біз бүгінгі сабақта
бейбітшілік құсы – ақ кептермен таныстық. Снымен қатар, ақ кептердің түрлері
туралы білдік. Осымен, сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!
-
Сау болыңыз!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.