Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас»
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин
әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас»
Мақсаты: 1. Оқушылардың
Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің
тақырыбын ашу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық
айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас
бола білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
Сабақтың
барысы:
І.
Қызығушылықты ояту
- Сыныпты 2 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу
және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.
- Сабақтың мақсатын айту.
- ХІХ
ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы.
Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында
өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз
ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап
етіледі.
3. Үй жұмысын тексеру
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар
арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 –
Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс
мектебіне түседі.
1857- Мектепті
үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы
шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 –
Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 –
Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 -
Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 –
Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 –
Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 –
қайтыс болған жылы.
1876 –
«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 –
Орынборда хрестоматияның басылған жылы
ІІ. Мағынаны ажырату
1. «Кластер» стратегиясы
- Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын
оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық
жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл
кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы
отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ
балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына
жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені
хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні
жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай
– ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды
енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз
Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік
мәселелерін көреміз.
2. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
«Әке
мен бала», «Жаман жолдас» әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.
1 топ |
2 топ |
||
Әке |
Бала |
Жақсы |
Жаман |
Үлкен
кісі |
Жас
бала |
Ауру
жігіт |
Сау
бала |
· «Көнәз» стратегиясы
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікір таластыру
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау
4.
Фонетикалық талдау. /Қазақ
тілімен байланыстыру/
І. топ
Математикалық тәсілмен дауысты дыбысқа талдау
Берілгені: Жаманмен
/Сөзде неше дыбыс бар және олар іштей қалай жіктеледі?/
Шешуі: Жаманмен
сөзінде 8 дыбыс бар, оның 3-еуі дауысты, 5-еуі дауыссыз
8 3 - (2 а, е)
5 - (ж, 2м, 2н)
а) Тілдің қатысына қарай
2 (2а) жуан
1 (е) жіңішке
б) Жақтың ашылуы
2 (2а)
ашық
1 (е) жартылай ашық
в) Ерін мен езудің қатысына қарай
3 3 (2а, е) езулік
ІІ. топ
Сатылай комплексті талдау
Жақсымен
Буын түрлері
1. Аралас буынды
2. Жақ - сы - мен
Тасымал
3. Жақ-
сы- болып екі жағдайда
тасымалданады
мен
Екпін
4. Жақсымен (е дыбысы)
Буын үндестігі
5. Жақсымен — түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі
жоқ. Себебі (-мен) буын үндестігіне
бағынбайтын қосымша.
Дыбыс үндестігі
6. Жақсы — мен
Сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда, дауыссыздан басталатын
қосымша үнді д-сыз дыбысынан басталады
ІІІ.
Ой толғаныс
«РАФТ» стратегиясы
· Ыбырайдың бір әңгімесін алып, ондағы
кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған, оқыған әңгімесін алу/
Бағалау
· Топ басшыларының бағалауы бойынша баға
қою.
Үйге
тапсырма:
· «Ы. Алтынсарин шығармалары балалар
әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу
· Шағын әңгіме жазу /Ыбырайға ұқсау/
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.