Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері
Мақсаты:
Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын
қалай меңгергендігін пысықтау, әңгімелерінің тақырыбын ашу, оқу мен жазу арқылы
сын тұрғысынан ойлауды дамыту .
Міндеттері:
1. Ыбырай
Алтынсарин әңгімелерінің тақырыбын талдап,
түсіндіру.
2. Оқушылардың
шығармашылық қабілеттері шыңдау, ойын
ашық айта білуге және шығарманы тілдік ерекшелігіне талдау.
3. Өз пікірін
қорғайды, өзгенің пікіріне құрметпен қарайды. Оқушылар адалдыққа,
еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Түрі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» технологиясы
Әдіс-тәсілдер: «Жұптық жұмыс», « Қарама – қарсы
элементтер», «Екі жақты жазба күнделігі» стратегиялары
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
- Сабаққа психологиялық дайындық.
- Сабақтың мақсатын айту.
- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың
басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған
білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған сабағымызда
әңгімелеріне
талдау
жасағанда
өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған
сұрақтарға толық жауап беріп, сабақта еркін отырыңдар.
3. Үй
жұмысын сұрау
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.( Слайдтағы
сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841, 1850 , 1857, 1859,
1860, 1864,1876, 1876 ,1889 ,1879
ІІ. Мағынаны ажырату
1. « Жұптық жұмыс» стратегиясы
-
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін
қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп
ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы
сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде
тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп
жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы
халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған.
Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған
тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті
үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен
аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық
мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік
мәселелерін көреміз.
1 жұп «Бақша ағаштары»
2 жұп «Талаптың пайдасы»
3 жұп « Әке мен бала»
4 жұп «Өрмекші, құмырсқа,
қарлығаш»
5 жұп « Асыл шөп»
1. Әңгіменің басталуы
Әңгімелерін
оқып, жұпта әңгіменің идеясы, тәрбиелік мәні
түсініп, композициялық құрылысына талдаңдар,.
Осы
әңгімелерді талдай отырып, Ыбрай әңгімелеріндегі қандай тәлім – тәрбие
жатқандығын айтыңдар.
(Қосымша тапсырма) «Қарама - қарсы элементтер»
стратегиясы
«Жаман
жолдас» әңгімесі бойынша талдау жұмысын жасаңдар.
2 топ |
|
Жақсы |
Жаман |
Ауру жігіт |
Сау бала |
ІІІ. Ой толғаныс
«Екі жақты жазба күнделігі»
стратегиясы
Әңгімеден үзінді |
Оқушының
түйіндемесі |
Біраз жүрген соң, Асан: -
Қарным ашты,- деп жылады. Үсен үндемей келе
жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып, ұзамай қайта қонды. Асанның онымен
ісі болмай жүре береді. Үсен жүгіріп барып, сипалап жүріп, үйректің орнынан
алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып, жұмыртқаны алайын деп еді, Үсен алдырмай: - Жолдан адасып, көп
күн жүрсек, бізге тамақ керек болар, үйректі ұстап алайық, - деді. |
|
Бағалау
- Сабақтағы оқушыларды бағалау.
Үйге
тапсырма:
- «Ы. Алтынсарин шығармалары -
балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу
- Ы.Алтынсарин басқа әңгімелерін оқу, 1
әңгімесін композициялық құрылысына талдаңдар.
Аталған тақырып бойынша алдыңғы
сабақта қолданылған әдісті толықтырып, күрделенген жұмыс түрлерін жүргізу
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.