Тіл ұстарту. Мәтінмен жұмыс
Тақырыбы: Тіл ұстарту.
Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: а)Мәтінді талдап, негізгі ойды
ашу.
ә) Мәтіннен стиль түрлерін ажыратып, талдау
жұмыстарын жасау арқылы ойлау қабілеттерін арттырып, сөйлеу тілдерін
дамыту.
б) Отансүйгіштілікке, ұлтжандылыққа, намысшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
қайталау сабағы
Сабақтың
әдісі:
деңгейлеп оқыту әдісі (сұрақ, талдау жұмысы, тест)
Көрнекілік: тест, мәтін, сызба
Сабақтың
барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасып, сынып
оқушыларын түгендеп, сабаққа бет бұрыс алу.
2.Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын айтып таныстыру.Сабақты М.Шахановтың «Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға
жаққан алауы» өлеңімен бастау.
3. Тапсырмалар орындау.
1-оқушылық деңгей. 3 топқа 3 түрлі мәтін таратып
беру, желтоқсан оқиғасына байланысты.Мәтінді оқып танысады.
2-алгоритмдік деңгей. Әр топ өз мәтіндерінің ішінен
а) Мәтінді стильдің қай түріне
жататынын анықтап дәлелдеу.
ә)
1-сөйлемге синтаксистік талдау, 2- сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
3 - қосымша
деңгей тақтада орындау
а)
1-топ. «Желтоқсан»
2- топ. «Тәуелсіздік»
3-топ. «Егеменді» сөздеріне математикалық тәсіл бойынша фонетикалық талдау жасау.
ә) 3-оқушы тақтада орындайды қалған оқушылар
«Желтоқсан» сөзіне фонологиялық талдау жасау.
1.Желтоқсан
– аралас буынды біріккен түбір
2.3 буын
бар. Жел- тоқ- сан 3-і де бітеу буын.
3. 3
жағдайда тасымалданады. Жел
тоқ
сан.
4.Екпін
соңғы «а» дыбысына түседі.
5.Буын
үндестігі аралас буынды, өйткені біріккен түбір.
6.Дыбыс
үндестігі «қ» қатаң, қосымшаны да қатаң «с» дан қабылдайды.
б) Өздік
жұмыс. тестік тапсырмалар, стиль түріне байланысты тестпен жұмыс жасау.
4-шығармашылық
деңгей.
а)
«Желтоқсан – ел есінде қалатын зор оқиға» тақырыбына ойтолғау жазу.
ә) Кестені толтыру.
Мәтіннің
негізгі идеясы
|
Бүгінгі
күнде бұл мәселе маңызды ма? |
|
|
4.Сабақты бекіту. Кесте бойынша
пікірталас ұйымдастыру.
Қайраттың бойынан қандай ерлікті көрдік?
Жастардың алаңға шыққаны дұрыс па?
Қайраттың «Еркек тоқты – құрбандық
Атам десең атыңдар !» - деген
сөзінен нені көруге болады?
Жастардың көтеріліске шыққаны дұрыс па, қалай ойлайсыңдар?
5.Сабақты қорыту.
«Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты – құрбандық
Атам десең атыңдар !» -дей келе
сендердің бойларыңда да әрқашанда ерлік қасиет, ұлттық намыс болсын.
6.Үйге тапсырма алу. «Желтоқсан болмағанда
бүгінгі тәуелсіздік болар ма еді?» ойтолғау жазу.
7. Бағалау. Сабаққа қатысып,
тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.
8.Сабақты аяқтау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.