Компьютер жанындағы жанжал
Тақырыбы: Компьютер
жанындағы жанжал
Мақсаты: Шығармадағы негізгі ойды ашу арқылы
қандай уақытта да адамгершілік қасиеттердің жоғары тұратынын таныту;
Мәтіндегі жаңа ұғымдармен таныстыра отырып,
оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін дамыту;
Өз пікірін дәлелді қорғай білуге үйрету арқылы сөз
мәдениетін қалыптастыруға баулу;
Түрі: Дебат сабақ (десант сабақ)
Әдісі: Сөздікпен жұмыс, болжау, пікірталас
Барысы: Ұйымдастыру
Балалар, біз ана тілінен «Әдептілік, ар-ұят –
адамдықтың белгісі» бөліміндегі шығармаларды
оқи отырып, неге үйрендік?
-
Ата-ананы сыйлауға;
-
Үлкендерді құрметтеуге;
-
Олардың өнегелі істерін үйренуге;
-
Өнерлі, білімді болуға;
І. Қызығушылықты ояту
Тірек символдар
Алдарыңызда берілген суреттерді (балалар,
компьютер, нота, кітапхана) бір-бірімен байланыстыра пайдаланып, әңгіме
құрайық.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Болжау кестесі
Не болады деп ойлайсыз |
Сізде оған қандай дәлел бар |
Не болды |
1. |
|
|
Түсіндірме сөздік
(Қолдарына естелік ұсынылады.)
- Сега – электрондық ойын.
- Компьютер – (ағыл.-есептеуіш) электрондық есептеу машинасы –
тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу
амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат
қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және
беруге арналған машина.
- Клавиш – дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік тақта.
- Джойстик – (ағыл. Басқару тұтқасы) ЭЕМ-нің дисплей экранында курсорды
әр түрлі бағытта жылдам жылжытуға арналған қолтұтқа түріндегі құрылғысы.
- Дискет – компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік
қабықша жалатылған табақша түрінде жасалған шағын есте сақтау құрылғысы.
- Радиотелефон – арнаулы станциядағы қашықтықтан электромагнит
толқындары арқылы дыбыстар мен белгілерді қабылдайтын және сымсыз
хабарласатын телефон.
- Интернет – (интер-өзара әрекет, бір-біріне бағытталу, нет-желі)
компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік
қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын
әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.
- Шифр – шартты әліппе, кітапханадағы кітаптардың тіркелу белгілері.
- Квитанция – түбіртек қағаз, ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды,
пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін
берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат.
- Торонто университеті – Канададағы ең ірі университет.
- Канада – Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.
- Америка – АҚШ, Солтүстік
Америкадағы мемлекет.
- Поп жұлдызы – музыка жанрының шебері
- Майкл Джексон – әнші
ІІІ. Ой толғаныс
Дебат
Айдын мен Ләззаттың жанжалына компьютер кінәлы ма?
-
Иә
-
Жоқ
-
Бейтарап
Топта ақылдасу, қорғау, дәлелдеу
Дебатты аяқтау
Үй тапсырмасы
Міндетті деңгей
- Әңгімені оқып, түсінгенін айту
- Әңгімеге сүйеніп, Айдынға мінездеме беру (дискуссиялық карта)
Мүмкіндік деңгейлі тапсырма
1. Шығармада аталған Америка, Канада елдері
жөнінде деректер жазып келу
Болжау
кестесі
Не болады деп ойлайсыз |
Сізде оған қандай дәлел бар |
Не болды |
1. Балалар кітапханаға барады. 2. Үлкендер келіп қалып, Айдынға ұрсады. 3. Інісін жазалайды. 4. Компьтерден ойындар алған. 5. Апасы интернетке кеткен ақшаны төлеттіреді. |
Берілген тірек суреттер Компьтерде бала-лар көп отыруға болмайды. Әр бұрыс іс жазаланады. Балаларды қызық-тыратын нәрсе Ләззатқа шұғыл интернетке шығу керек. |
Айдын компьютер-мен асығып жұмыс жасап жатыр. Апасы Айдынға рұқсатсыз интернет-ке шыққаны үшін
ұрсады. Апасы інісінің не істегенін тексереді. Музыка жазып алған. Ләззат телефон арқылы қарызға жаздырып, интернет
жүйесін қайта қосқызады. |
Дискуссиялық карта
(Айдынға мінездеме)
+ |
- |
Айдын - ізденімпаз бала. Өзін қызықтыратын музыка туралы интернеттен
жазып алуы осыған дәлел болады. |
Айдынның рұқсатсыз интернетке шығуы дұрыс емес,
әйткенмен ол пайдалы іс істеді. |
Дискуссиялық карта
(Айдынға мінездеме)
+ |
- |
Айдынның жақсы қасиеті көп. Ол интернетке
рұқсатсыз шыққанмен, қажетті нәрсе алды, білімге ұмтылды. Сондықтан оның бұл
ісінің жақсы жағы көбірек |
Айдын қажет мәліметті апасының рұқсатымен алу
керек еді. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.