Сын есім
Сабақтың
тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарынан алған білімдерін
жинақтап еске түсіру; Оқушы ізденісі арқылы сын есім туралы білімдерін
тұжырымдап, сын есімдердің тіліміздегі ролін көрсету; Қазақ тілінің байлығын
таныту; Оқушылардың танымдық білімін арттыру;
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Десант сабақ
Сабақтың әдісі: СТО жобасы БЛУМ жүйесі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Қызығушылықты ояту
Оқушылар, сіздер қазақтілі патшалығын еркін
аралап, сөз әлемінің түрлі сырларымен, қасиеттерімен таныстыңыздар. Әуелі
бұрыннан өзіміздің білетінімізді еске түсірейік. Сөздер өздерінің мағыналарына
қарай түрлі топтарғағ яғни, сөзтаптарына бөлінеді.
Топтастыру стратегиясы
Зат есім
Сан есім Сөз таптары Сын есім
Етістік
Ассоциация стратегиясы
Сын есім дегенде ойларыңа не келеді?
Түрі Түсі Сыны Сапасы
Сын есім
Көлемі Мөлшері Пішіні Дәмі
Мағынаны тану
Блум таксономиясы
Есте сақтау (білу)
Ассоциациядан сын есімнің ережесін қорытып шығару
Заттың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, түрін,
түсін, дәмін білдіретін сөздер сын есім деп аталады.
Түсіну
430-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып, сын есімдерді
табу, сұрақ қою, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау (сызба арқылы)
Қолдану
432-жаттығу Берілген сөздерден сын есімдер жасау,
оларды қатыстырып сөйлем құрау
Талдау
433, 434-жаттығу жұмбақты оқып шешу. Сын есімдерді
тауып, заттың қандай белгісін көрсетіп тұрғанын анықтау, осы топты толықтыру.
Түсі
Сапасы
Дәмі
Жасыл
Қап-қатты
Тәп-тәтті
... ...
...
Сергіту сәті
«Тізбек» ойыны
Шарты: Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан
басталатын сын есім айтып, тізбекті жалғастыру
Мысалы: Ақ – қара - ...
Жинақтау
435-жаттығу
Мәтінді әуелі толық, содан соң сын есімдерсіз оқу.
Сонда мәтін мазмұнында қандай өзгерістер болғанын айту.
(Заттардың сыны айқын емес)
Бағалау
Сын есімдер не үшін қажет екенін түсіндіру
(Ойдың көркемдігі, айқындылығы, бейнелілігі үшін,
заттың сыны мен сапасын көрсету үшін, т.б.)
Толғаныс
Бес жолды тұжырым
Қорытынды
Ассоциацияны толықтыру
Бағалау
Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгей: 431-жаттығу Шарты: Сөз таптарына талдау
Мүмкіндік деңгей: Грамматикалық ертегі құрастыру
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.