Қазақ әдебиеті "Қорқыт ата" 8 сынып
17.05.2015
10247
0
Калдыбекова Алия Сайпеновна
Күтілетін нәтиже Оқушылар күй атасы, аңыз кейіпкері Қорқыттың өмір жолымен және «Қорқыт ата»кітабын танып біледі. Топтық жұмыс арқылы білім алмасып, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады.
Модульдер
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».
Стратегиялар «Миға шабуыл»., «Болжау» сратегиясы, «Түсініктеме күнделігі» , «Ойлан,бірік,бөліс» «Адасқан оқиғалар» стратегиясы, «Клоуз тест». «Түйінді сөздер»стратегиясы.
Барысы Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Бағалау Ресурстар
Оқушыларды «Қобыз», «Аңыз», «Қорқыт» сөздері арқылы үш топқа бөлу. «Шаттық шеңберінде» орналастырып, қобыз әуені ақырындап естіліп тұрады.Оқушыларға тақырыпқа жақындату бағытында сұрақтар қойылады. Оқушылар берілген сөздер бойынша үш топқа бөлінеді. Қобыз күйі
І.Қызығушылықты ояту
ІІ. Мағынаны тану
ІІІ.Рефлексия
«Миға шабуыл». Қобыз күйін тыңдату. Сабақ тақырыбы «Болжау» сратегиясы арқылы басталады.Оқушыларға
1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?
2.Қандай тақырып маңайында өрбиді?
3.Сіздердің өз болжауларыңыз тура келді ме,жоқ па? Бейнебаян. Г.Оразымбетова. «Қорқыт- қобыз».
І тапсырма. Оқушыларға тақырып бойынша слайдтан жан -жақты мағлұматтар беріледі. Қорқыттың өмірі,өнері,нақыл сөздері бойынша топтық жұмыс.
ІІ тапсырма.«Қорқыт ата кітабы»
«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы
"Қорқыт ата кітабының" қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары жыр идеяларын аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазанбектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Қазанбек – Қорқыттың өзі сияқты тарихта болған адам. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазанбектің әйелі Бөрілі сұлу, оның ұлы Оразбек, күш-қуаты өзінен кем түспейтін қалыңдық іздеген алып Қан-Тұралы, әкесін жау тұтқынынан босатқан ер Жүгенек, оғыз елінің шекарасын жаудан қорыған Бегіл мен оның ержүрек, әділ ұлы Әмірен, ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкерлер ерлік пен ізгілік танытады. "Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы" жырда ұрпақтардың жалғасуы үлкен мәселе деңгейінде көтеріледі. Ата-ана мен олардың ұлы Бұқаштың өзара құрметі мен махаббаты жауыздық пен опасыздықты жеңіп шығады. Бұқаш жау қолынан әкесін асқан ерлігімен құтқарып алады.
«Ойлан,бірік,бөліс» стратегиясы .Слайдтан көргенін,оқулықтан оқыған білімдері бойынша оқушылар топтық тапсырмалар алады.
постер қорғайды.
1 – топ. Аңызға айналған адам. Қорқыт туралы «Жел қанатты Желмая», «Қорқыт және қырық қыз», «Қорқыт сарыны» туралы аңыздарына тоқталады.
2- топ. . Күй атасы- Қорқыт. Қорқыттың «Қорқыт», «Аққу», «Әуппай», «Башпай», «Ұшардың ұлуы» т.б күйлері ,оның күйшілік өнері туралы мағлұмат береді.
3- топ. Дананың сөзі –ақылдың көзі.
Қорқыттың нақыл сөздерінің тағлымдық мәніне баса назар аударады.
Оқушыларға «Қорқыт ата кітабы»бойынша үш бағытта тапсырма беру.а) "Қорқыт ата кітабының" тарихы ә) Оғыз тайпасының оқиғалары б) "Қорқыт ата кітабының" кейіпкерлері
«Адасқан оқиғалар» стратегиясы
(«Қорқыт ата кітабы» оқиғасын ретімен орналастыру )
1.Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр;
3.Қазанбектің ауылына жау қалай шапқаны туралы жыр;
2.Байыс-Байреке, Байбөрі ұлы туралы жыр;
4.Қазанбек ұлы Оразбек қалай тұтқынға түскені туралы жыр;
6.Домруыл, Доқа Қожа (қажы) ұлы туралы жыр;
5.Қаңлы Қожаұлы Қантөрелі туралы жыр;
7.Қазылеке Қожаұлы Жүгенек туралы жыр;
8.Бисат қалай жалғыз көзді дию Төбекөзді өлтіргені туралы жыр;
9.Бегила баласы Әмрен туралы жыр;
11.Үйсін Қожаұлы баласы Секрек туралы жыр;
10. Салар Қазан қалай тұтқынға түсті және оны ұлы Ораз қалай босатқаны туралы жыр;
12. Сыртқы оғыздар ішкі оғыздарға қарсы соғысқаны туралы және Бамса-байрақ қалай мерт болғаны туралы жыр.
Клоуз тест
Қорқыт —--------- ғасырда Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы ----------- тайпасынан, әкесі Қарақожа ------------- екені мәлім.
Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – ------------- тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі ------------Ватикан нұсқасы.
Ажал уақыты жетпейінше,---------- де өлмес. Өлген адам -------. Көңілі пасық ерде -------- болмас. Анадан------ көрмеген қыз жаман, атадан ---------- алмаған ұл жаман.
Жұлдызшалармен бағалау
Топтық бағалау үш шапалақ.
Жұлдызшалармен бағалау
интерактивті тақта, слайд көрсетілімі
стикерлер, маркерлер, форматты қағаз, тапсырмалар,
қима суреттері, ментальды карта,интерактивті тақта,
Үйге тапсырма
«Қорқыт ата кітабын» оқу және «Шежіре шер дастаны, өнердің алдаспаны» тақырыбында эссе жазу. Оқушылар сабақтың негізгі түйіні болған сөздерді атайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.