Эвфемизм 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм 5-сынып
Мақсаты: Эвфемизмдердің тілдік сипатын таныту;
Ұлттық салт-дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы
ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету;
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Талдау, өз бетімен жұмыс, жинақтау,
салыстыру
Барысы: Ұйымдастыру
«Адам тағдырын тәрбие шешеді,
тәрбие құралы – сөз.»
(Олжас Сүлейменов)
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше
мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да, таным- түсінігі де, өткенінің
ізі де сөз өнерінде жатыр. Барлық тағылым-тәрбиесі де, білімі де, болашаққа
деген аманаты да сөз арқылы берілген.
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы
«Адам тағдырын тәрбие шешеді,
тәрбие құралы – сөз.»
(Олжас Сүлейменов)
Үй тапсырмасын тексеру
Жалпы, тіл ғылымынан сөздердің бірінің орнына бірі жұмсалу құбылыстары бар
екенін білесіңдер. Қазір «Дөңгелек
үстел» жасап, осындай тілдік ұғымдар мен оларға мысал келтірейік.
Ауыспалы мағыналы сөздер – Синонимдер – Табу
сөздер
Мысалы: Ауыспалы мағыналы сөздер – Бастапқы
мағынаның негізінде туған туынды мағына – «Арыстан еді Исатай» - Ер жүрек
Синонимдер – Мағыналары жуық сөздер – Сұлу - Әдемі
Табу сөздер – Атауға тыйым салынған сөздер –
Қасқыр – Жаман ауыз
Ұлттық тәрбиенің тілдегі тағы бір көрінісі –
біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
ЭВФЕМИЗМ
Мағынаны тану
Түсіндірме
күнделігі арқылы жаңа тілдік атаудың мәніне ой жіберіп көрейік.
Түсіндірме күнделігі
Грамматикалық атау |
Шығу төркіні |
||
Эвфемизм |
Грек тілі |
Eu phemi |
Жақсы айтамын |
Болжау
Қалай ойлайсыздар, қандай сөздерді жақсы етіп
айтуға болады деп ойлайсыздар? Мысал келтіріп көрейік.
-
Дөрекі сөздерді
-
-
Өзіміздің осы түсінігімізді оқулығымыздың 47 бетінде көрсетілген
теориялық түсінікпен салыстырайық, толықтырайық.
Insert кестесі
(Түртіп оқу)
V |
+ |
? |
Дөрекі естілетін құбылыстарды Сыпайы сөзбен ауыстыратынын |
Эвфемизм деген атау |
Эвфемизмдердің өзге тілдік ұғымдармен қатысы Көркем шығармалардағы қолданысы |
Оқушы ізденісі
І топ
Білу, түсіну
Эвфемизмдердің сөздігін жасау
ІІ топ
Қолдану, талдау
Эвфемизмдерді пайдаланып, әңгіме құрау
ІІІ топ
Жинақтау, бағалау
«Эвфемизмдердің тәрбиелік мәні, қолданыс болашағы»
деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырыңдар.
ІҮ топ (мұғалімдер тобы)
Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге мысал жазу
Ойтолғаныс
Венн диаграммасы
Табу |
Ортақ қасиеті |
Эвфемизм |
Наным-сенімге байланысты Салт-дәстүрге байланысты |
Ауыстырып айту |
Адамгершілікке байланысты |
Қорытындылау
Үй тапсырмасы: Көркем әдебиеттен эвфемизмдерге
мысал жазу