Әдебиеттік оқу "Бақылау жұмысы" 3 сынып
20.01.2015
18136
1639
Балагазинова Гульмира Ермуканкызы
Әдебиеттік оқу
Жазба жұмыстары
3-сынып
Мазмұндама
Табиғат байлығы
Мақсаты::1) Мәтін мазмұнын ауызша және жазбаша баяндату арқылы өзіндік сөйлеу тілін дамыту;
2)Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау қбілеттерін дамыту
3)Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру;
Табиғат байлығы
Қазақстан табиғат байлығының бірі-аң.
Кең байтақ өлкемізде бағалы тері,дәмді ет,дәрі-дәрмектік шикізат беретін аңдар мен құстардың сан алуан түрі тіршілік етеді.Жыл сайын елу мың суырдың,он жеті мың ақ тиіннің ,он алты мың қасқырдың,алты мың қарсақтың бес жүз мыңға жуық түлкінің терілері дайындалады.
Табиғат байлығын қамқорлықа алу-алға қойған міндетіміз.
Тірек сөздер мен тапсырмалар:дәрі-дәрмектік,шикізат беретін,терілері дайындалады.
Жоспар:
1.Қазақстан байлығы.
2.Аң несімен бағалы?
3.Табиғатқа қамқорлық.
3-сынып
Мазмұндама
Қараша-қардың басы

Қыстың алғашқы аязы қараша айынан басталады. Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты.Су асты күңгірт тартты.Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып қалды.Кәрі сазан түсіндіріп жатыр.Аю сияқты сазан тұқымы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты.
Кәрі сазан көл астында талай қыстаған.Көлдің терең жерлерінің бәрін білетін.Оның соңынан басқа сазандар ілесті.Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды.Су астын қараңғылық басты.
Тірек сөздер мен тапсырмалар:аязы,мұз басты,кәрі сазан,абыржып қалды,қарағылық басты.
Жоспар:
1.Алғашқы аяз
2.Абыржыған сазандар
3.Кәрі сазан ақылы.
3-сынып
Мазмұндама
Құс-бақтың досы

2)Мәтін мазмұнын өз бетімен кеңейтіп жазуға баулу,ойлау қабілеттерін дамыту

Егіндіктің қасында үлкен бақ бар.Бақтың шетінде биік теректер,қайыңдар өсіп тұр.Бақта алма,алмұрт,өрік,шие ағаштары бар.Күзде жемістер пісіп,адамдар оны жинауға келеді.Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болады.Бақ ішіндегі құстар зиянды құрт-құмырсқаларды,көбелектерді жейді. Құстар бақтарды зиянды жәндіктерден сақтайды.Құстарға тимеу керек.Оларға ұя жасап,қамқорлыққа алған жөн.Олар қыстыгүні ашығады.Балалар қыста жем беріп,оларды аштықтан құтқарады.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері:жаздыгүні,зиянды,сақтайды,қыстыгүні.
Жоспар:
1.Жеміс ағаштары
2.Құстар кмегі.
3.Құстарға қамқорлық.
3-сынып
Мазмұндама
Аққу

3)Оқушының өзінің ойын жазбаша жеткізу арқылы сауаттылығын арттыру
Аққу
Көктемде Жайық өңірінде аққулар қос-қостан ұшып келеді.Талқайраңдағы көк шалғынға киіз тіккенбіз.Сыртта тұрып,сыбызғының үніндей сұңқылдаған аққулар дауысын тыңдадым.Тобымен орман ішіне қонды.Таңертең ерте оянып,тысқа шықтым.Шығыс жақ қызыл шапақ.Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім.Кешкісін қармақ құрып кеткенбіз.Келсем аққу жүр екен.Қармақ аяғына кіріп кетіпті.Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап аққудың қасына жүзіп жеттім.Аққу су сабалап сыңсыды.
Аузын ашып айбат шекті.Аяғынан ұстадым да қармақтан босаттым.Рахмет айтқандай,бір саңқ етті де арғы беттегі тобына қосылды.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері:Жайық өңіріне,көк шалғынға ,сыңсыды,айбат шекті,саңқ етті.
Жоспар:
Жайық өңіріне аққулардың ұшып келуі.
2.Сыбызғы үніндей сұңқыл.
3.Қармаққа ілінген аққу
4.Аққуды бұғаудан босату.
3-сынып
Мазмұндама
Найзағай

Біздер ,жеті-сегіз бала ,жаздыгүні тоғайға бардық.Тоғай таудың етегінде ағашы қалың,іші көлеңкелі екен.Ағаш көлеңкесінде отырып дем алдық.Күні қызуы күшейе түсті.Шөлдеген соң,жидек теріп жедік.Кенет тоғай іші қара көлеңке болып кетті.Аспанды қалың бұлт бүркеді.Жел тұрды.Найзағай жарқылдап,күн күркіреді.Жаңбыр басталды.Біздер бір биік ағаштың түбін паналадық.Жаңбыр шелектеп құйды.Киімдеріміз су болды.Көп ұзамай бұлдырап,жаңбыр басылды.Күннің көзі көрінді.Киімдерімізді сығып,кептіріп алдық.Содан үйді-үйімізге қайттық.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері:Жаздыгүні,көлеңкесінде,қалың бұлт,жаңбыр,найзағай,шелектеп құйды.
Жоспар:
1.Орманға серуен.
2.Жаңбыр.
3.Жаңбырдан қорғану.
3-сынып
Шығарма
«Менің атам-ардагер»
Мақсаты:1)Оқушы өз ойын жүйелей отырып,қоршаған ортасына зерттеу жасайды,ой тұжырымдарын жазбаша жазуға дағдыланады;
2)Тақырыпты ашуда сөздерді дұрыс қолдануы мен сөйлемдердің үйлесімді болуына бағыт-бағдар жасау;
3)Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді,нақыл сөздерді,өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып,орынды қолдана білуге баулу;
Тақырыпты ашуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Менің атамның аты-жөні,жасы,немерелерінің саны.
2.Атамның туған, қызмет істеген жері.
3.Атамның сүйікті ,жиі айтатын ертегісі,мақалы,нақыл сөзі ,өсиеті.Оның негізгі ойы неде?
4.Мен атамды мақтан тұтатам. Неге екенін дәлелде.
3-сынып
Шығарма
«Ерлік»

3)Тақырып мазмұнын ашуда мақал-мәтелдерді,нақыл сөздерді,өлең жолдарынан үзінділерді дәл тауып,орынды қолдана білуге баулу

1.Ерлік,батырлық дегенді қалай түсінесің?
2.Осы тақырыптар бойынша оқығаныңды,естігеніңді жүйелеп көр.
3.Ерлік туралы көптеген мақалдар бар.Білсең жазып,мәнін түсіндір.
4.Ойыңды қорытындыла.
3-сынып
Шығарма
«Жеңіс күні»

Тақырыпты ашуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Жеңіс күні қай күн?
2.Ол күн несімен ерекшеленеді?
3. «Жеңіс күні»деп не себептен аталады?
4.Осы күн туралы жазылған шығарма -өлеңдерді еске түсір.
5.Жеңіс күнін жақындатқан жерлестерің туралы не білесің?
6. Өз ойыңды жүйеле
3-сынып
Шығарма
«Мен атаммен мақтанам»

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.