Қазақ әдебиеті "Біржан сал Абай ауылында « Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді" 6 сынып
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
№67 ЖББМ КММ
қазақ тілі мен
әдебиет пәні мұғалімі
Омарова Динара Нусиповна
Әдебиет 6 «А» сынып |
Күні: |
Сабақтың
тақырыбы: |
Біржан сал Абай
ауылында « Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді |
Сілтеме |
К. Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б. Әрінова, Р.Баттал
Алматы, «Атамұра» 2011ж. |
Сабақтың
мақсаты: |
Білімділік: оқушыларға
Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржан Дамытушылық: ой-өрісін,
ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын
молайту, шығармашылық ізденіске баулу. Тәрбиелі: елін, жерін, Отанын қадірлеуге,
адамгершілікке, адалдыққа, |
Оқуты
нәтижесі |
Жеке және топтық жұмыс арқылы білім алмасып, сөйлеу
дағдысын, шығармашылық қабілетін, молайтады |
Сабақтың
түрі |
Қайталау |
Сабақтың
әдіс-тәсілдері |
түсіндіру,
суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап |
Сабақтың көрнекілігі |
Сызба-кесте, үлестірмелі қағаздар |
Пәнаралық
байланыс: |
Тарих |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалімнің
іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
а) оқушылармен амандасып, түгендеу б) сынып тазалығына назар аудару және оқушылардың
назарын жаңа сабаққа аударту |
Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендейді |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі |
5
мин |
-М.Әуезовтің өмірі,
шығармашылығы жайлы сұраймын. -«Біржан сал мен Абай»
эңгімесінің мазмүнын сұраймын. -Қосымша сүрақтар қою арқылы
өткен тақырыпты қорытындылаймын.
|
Оқушылар
«Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінің мазмұнын баяндап береді. |
Өзектілеу кезеңі |
2 мин |
Не білеміз? |
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне
сабақтың тақырыбын жазады |
Білу |
6 мин |
Біржан сал Абай ауылында « Абай жолы»
роман-эпопеясынан үзіндіден шолу
жасау Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте
мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген
бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның орта-сында ең қадірлі бір топ
қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар—қазір төрдің тап ортасында,
жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Солардың
ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі—мынау қос ішекті
домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы,
нұрлы жігіт. Құйқылжыған әніне қалың жиын
қыбыр етпей ұйып, мүлгіп
отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана
құбылады. Әншінің «Біржан сал» атты
осы бір әні өзінің майда қоңыр, сырлы қоңыр сазымен бастала жөнелгенде, өзге көп жұрт ішінде демін тартып, қатып тыңдаған
кісінің бірі—Абай. Ерекше әсері бар күй мен
аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір, қиял суреттерін,
уақиға тасқындарын, жаратылыс. құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді. Қазір де, міне, белгілі
бір қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жарып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға
экетті. Тұлғасы ерен, кең кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып
бір алыбы боп апты. Біле жүрген абзал! -
Біржанның бізге 40-қа жуық әні жеткен -
Біржан Абайдың "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”
өлеңіне ән шығарған. -
Мұқан Төлебаев "Біржан-Сара” операсын жазған
|
|
Түсіну |
5 мин |
-
Абай мұражайына саяхат. I топ: Шығармада кездесетін салт-дәстүрлерді табыңыз ж»не
олардың мағынасын түсіндіріңіз. II топ: Шығармадан
көнегрген сөздерді теріп жазыңдар. III топ: Шығармадан эпитеттерді теріп
жазыңдар |
Оқушылар 3 топқа бөлініп абай мұражайына саяхат
жасайды. |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.