Қазақ әдебиеті "Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі" 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: »
Сабақтың мақсаты: Тақырыпты түсінуіне мүмкіндік жасай отырып, сыни
тұрғысынан ойлай келе саралап, қорытындылай білу қабілетін дамыту.
Міндеттері:
1. Білімділік: Топтық жұмыста тиімді іс-әрекет пен ізгілік
қарым-қатынасқа бейімдеу.
2. Дамытушылық: Логикалық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың ойлау шеберлігін
арттыру, өзіндік танымын кеңейту. 3.Тәрбиелік: Талантты және дарынды балалардың алға ұмтылуы; |
Формативті бағалауды толыққанды жүргізе алу
Көрнекіліктер: Оқулықтар, Плакаттар, Маркер, стикер, Power Point таныстырылымы. |
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих,орыс тілі мен әдебиеті, география.
Сабақтың формасы: жеке, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
және жағымды орта қалыптастыру.(2 мин)
Мұғалім: Сәлеметсіздер
ме,балалар.
Мен сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін. Ал, сендер
ше,балалар өз сыныптастарыңа қандай тілектер айтар едіңіздер. Қанеки,
тілектерімізді, жылы лебіздерімізді ортаға салайық.
Оқушылар: Бір-бірімен еркін жүріп сәлемдеседі, бүгінгі
сабақта бір-біріне сәттілік тілейді.
-
Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
-
Денсаулығымыз мықты болсын.
-
Заманымыз тыныш болсын.
-
Білімді болайық.
-
Аспанымыз ашық болсын.
-
Барлығымыз тату тәтті болайық.
(Оқушылар өз қалаулары бойынша
стикерлер таңдайды(жұлдызша мен гулдер) осы сикерлер арқылы екі топқа бөлінеді)
Мұғалім: Рахмет,орындарыңызға
жайғасыңыздар.
Сабақтың мақсатын жеткізу: Қазақтың тұңғыш әскери ғалымы, белгілі қайраткер Ш. Уәлиханов туралы білімдеріңді толықтыра отырып,оның өмірі мен шығармашылық жолына, зерттеу жұмыстарына шолу жасаймыз.
II. Үй жұмысын тексеру
Нысанбай Жаманқұлұлы туралы тест тапсырмасы бойынша өткен тақырыпты, алған білімдерін бекіту.
1. Нысанбай Жаманқұлұлының туған жылын көрсет:
А) 1822
Б) 1824
В) 1819
Г) 1820
2. Нысанбай жыраудың шығармасы:
А) «Арқаның қызыл изені»
Б) «Кенесары- Наурызбай»
В) «Мұнар күн»
Г) «Тәңірі»
3. Нысанбай жырау қай өңірде дүниеге келген:
А) Қызылорда облысы
Б) Торғай облысы
В) Қарағанды облысы
Г) Семей өңірі
4. «Кенесары- Наурызбай» жыры қай жылы басылып шықты?
А) 1873 жылы
Б) 1877 жылы
В) 1875 жылы
Г) 1879 жылы
5. «Кенесары- Наурызбай» жыры кімнің құрастыруымен жеке
кітап болып шықты
А) Х. Досмұхамедовтың
Б) М. Әуезовтің
В) С. Жантөриннің
Г) Т.Сейдалиннің
6. Нысанбай жырау қай ғасырда өмір сүрген:
А) ХІХ ғасыр
Б) ХХ ғасыр
В) XVII ғасыр
Г) XVIII ғасыр
7. «Кенесары- Наурызбай» жырында қандай оқиға суреттелген:
А) Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тарихы
суреттелген.
Б) Әмір-Темір хандық құрған кез суреттелген.
В) Жоңғар шапқыншылығы кезеңі суреттелген.
Г) Исатай бастаған көтеріліс оқиғасы суреттелген.
8. Дастан туралы М.Әуезов қандай пікір айтқан:
А) «Кенесары- Наурызбай» дастаны – тарихи жыр
Б) «Кенесары- Наурызбай» дастаны – мемориалдық жыр
В) «Кенесары- Наурызбай» дастаны жай ғана аңыз
Г) «Кенесары- Наурызбай» қиял-ғажайып негізінде жазылған
жыр
9. Нысанбай жырау Кенесары ханға кім болған:
А) Жақын туысы, досы
Б) Нағашы ағасы, досы
В) Ауылдас досы
Г) Ең жақын досы және сүйікті жырауы
10. Нысанбай Жаманқұлұлының қайтыс болған жылын көрсет:
А) 1886 жылы
Б) 1883 жылы
В) 1889 жылы
Г) 1882 жылы
ДҰРЫС ЖАУАБЫ:
1-
А
2-
Б
3-
А
4-
В
5-
А
6-
А
7-
А
8-
А
9-
Г
10-Б
Жаңа сабаққа көшу
Мұғалімнің кіріспе
сөзі.
Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-
Наурызбай» дастанындағы Кенесары Қасымұлы (1802-1047) – мемлекет қайраткері,
әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдардағы ұлт- азаттық қозғалысының
көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы. Кенесары
Шыңғыс ханның 27 ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ендеше, сол, Абылайханның тағы
бір ұрпағы, шөбересі дана Шоқан, дара Шоқан туралы не білесіңдер сол жайлы
қағаз бетіне түсіріңдер. Сендер Шоқан туралы бұрында қазақ әдебиеті, тарих,
география пәндерінен алған білімдеріңді ары қарай дамытыңдар.
1- топ
суреттеу арқылы теңеу жазады
2- топ кластер арқылы Шоқанның кім
екенін айтады.
-Балалар, қай
заманда, қай ғасырда болмасын мәңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2-
жартысында өмір сүрген, қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра
қалдырған ұлы ғалымы - Шоқан Уәлиханов.
Қазір
біз сендермен ары қарай да Шоқан жайлы сөз қозғайтын боламыз.
Жаңа сабаққа көшпес
бұрын сергіту сәтін жасаймыз. (Көз жаттығуы)
Балалар, ең бірінші адамға не керек?
-
Әрине, денсаулық
керек, сондықтан да жас кездеріңнен денсаулықтарыңды күтіп,шымыр да мықты болып
өсу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден аулақ болуларың керек.
Жаңа сабақ
Шоқан туралы қысқаша тұсаукесер арқылы мағлұмат беру.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.