Қазақ әдебиеті 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Сабақтың мақсаты Білімділік- сезіммен өлең өрген жыр пырағы- Мұқағали туралы деректерді пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.
Дамытушылық- оқушылардың ой-өрісін,
танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік – Табиғат-ананы сақтай отырып, туған жерді қадірлеуге,
халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, елжандылыққа баулу.Ақын шығармаларын
жатқа білуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,
компьютер, электронды оқулық, маркерлі тақта, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу күйі»
,Слайдтар
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Комбинаторлы
инновациялық технологиялар: АКТ,дамыта оқыту, ой шақыру, талдау, болжам,
ізгілендіру,салыстыру, суреттеу, қорыту,т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Пән аралық байланыс: қазақ тілі,
биология, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
( тақтада сурет, тақырып шығып тұрады)1 слайд
Жаңа сабақ
І. Балалар , Мұқағали Мақатаев туралы төменгі
сыныптан білеміз.Ендеше ақиық ақын туралы не білеміз еске түсірейік. Мұқағали
кім? 2 слайд( интерактивті тактада оқушылар айтып ,өздері жазады)
ІІ.-Ақиық ақын, Хантәңірінің биік
шоқтығындай болған, қазақ поэзиясының қанатын
кеңге жаюға үлкен үлес қосқан Мұқағалидің қандай шығармаларын білеміз?3 слайд( шығармаларын атау,
өшіргішпен өшіріп тұру.)
«Дариға жүрек», «Қазақ жері» «Мавр», «Махаббат диологы»,
«Боз орамал»
«Поэзия» «Шуағым менің» «Үш бақытым», « Жанарым»,
« Райымбек», « Ару ана»
ІІІ . Поэзия минуты. Ақын өмірді жырлары
арқылы суреттесе, сіздер ақын жырларын мәнерлеп жатқа айтасыздар.Мұқағалидың өлеңін
кім жатқа айтады?(өлең оқу)
VI. Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан
сөнбейтін мол қазына қалдырған ақынның өз даусын тыңдасақ Видео өз дауысы 4- слайд
5 -слайд Аққу, қызыл кітап
Балалар, мына суретке көңіл бөлсек Аққу құсы туралы не
білеміз қандай құстардың тобына жатады? Екі суреттің қандай байланысы бар?(қызыл
кітапқа енген сұңқылдақ аққу,сыбырлақ
аққу,кіші аққу)
Олай болса,құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі
ұрпаққа аманат етіп кеткен,өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ.
-Поэма дегеніміз не? Оқушылар әдебиет теориясынан алған
білімдерін ортаға салады.
VII.Дамыта
оқыту. Балалар мен
сендерге алдын –ала оқып келуге «Аққулар ұйықтағанда»поэмасын тапсырғанмын ,кім қысқаша мазмұндап береді?
МАЗМҰНДАУ 5-7 мин
VIII .Оқулықпен жұмыс (Тақтада аққудың , сәби ұстаған ана суреті) 6-слайд10 мин
1.Жетімкөлді
суреттеген тұсты тауып оқу.
2.ауру бала- шарасыз ана-қалжыраған әке суреттелген тұсын
оқу.
3.Поэманың шешімін оқу.
4.Құрмалас сөйлемдерді тауып оқу( тақтада жазу 1,2
сөйлем)Ақ бет
5. поэмадан көркемдегіш тәсілді табу Ауызша талдау.
IХ.Видео .Аққу биі. 7 –слайд Балалар,поэма арқылы ақын бізді неге тәрбилейді,нені
аманат етеді?
Х. Сөз мерген. 8 –слайд 5 мин
Поэмадағы ана әрекеті дұрыс...
Поэмадағы ана әрекеті бұрыс...
ХІ. Бекіту.Сәйкестедіру
тесті Оқушылар
интерактивті тақтада сызба арқылы көрсетеді
9-слайд 3мин
1.«Аққулар ұйықтағанда»
поэмасындағы көлдің аты?
1. Сексен көл
2.Жетім көл
3.Ыстық көл
2.Аққуға
байланысты күй шығарған өнер иесі?
1. Н.Тілендиев
2.Қ.Ахмедияров
3.Қ. Сағырбаев
3.Мұқағали көзі
тірісінде неше кітабы жарық көрді?
1.20
2.15
3.11
4.Поэмада
ана кімнің қасынан кеткеніне өкінеді?
1.әкесі
2.баласы
3. тәуіп
шал
5.Мұқағалидың
дарындылығын ең алғаш бағалаған тұлға?
1. Ә.Тәжібаев
2.М.Әуезов
3.Ф.Оңғарсынова
6.Поэмада кімдердің
диолргы кездеседі?
1.ана-бала
2.жылқышы-ана
3.әке-жылқышы
Бағалау. САБАҚҚА БЕЛСЕНДІ
ҚАТЫСҚАН ОҚУШЫЛАРДЫ МҰҒАЛІМНІҢ БАҒАЛАУЫ,
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ, БІРІН-БІРІ БАҒАЛАУ
Үйге тапсырма.«Менің
Мұқағалиым» айдарымен ақынды әр қырынан таныта отырып, ойтолғау жазу. Сенің
Мұқағалиың» ерекше тұлға екенін дәлелдеу .10-слайд
ХІІ.
Мұқалидің сөзіне жазылған қандай әндерді білеміз?11-слайд
( оқушылар айтады ,өшіргішпен өшіру) 5 мин
Ендеше, сабағымызды
ұлы«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атанған поәзия тарланынының . «Сенің
көзің»әнімен аяқтасақ .Караоки . «Сенің көзің»
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.