Қазақ әдебиеті. Сабақтың тақырыбы: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.
07.12.2014
5754
922
Досимова Балмекен Калиакбаровна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Абай шығармашылығы туралы білімдерін толықтырып,өлеңнің мазмұнымен ,идеясымен таныстыру.Оқушыларға өлеңдегі Абайдың ақындарға қойған талабын, сөз өнерін қастерлеуге деген ниетін тануға көмектесу.
Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық талғамдарын, өлеңге әдеби,теориялық талдау жасау арқылы дағдыларын дамыту,топтық жұмысқа дағдыландыру.
Тәрбиелік: сөз өнерін,нағыз ақындықты құрметтей білуге ,өнерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: сөз асылы поэзия екенін танып-білу,ақын,ақындық өнерге қойылатын талап биігін сезіну.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: жеті модуль
Пәнаралық байланыс: тарих,ән сабағы,қазақ тілі
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (3 топқа бөлу)
Психологиялық тренинг: «Ағаш бейнесі»
2. Мотивация кезеңі: Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болар кез...
(интербелсенді тақтадан дойбы көздерін таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
-Ақынның шығармалары неше саладан тұрады?
(Абайдың шығармалары 3 саладан тұрады? Өзі шығарған өлеңдері,қара сөз, өзге тілдерден аударылған өлеңдері)
-Абай шығармаларының тақырыбы қандай?
(Мәдениет пен білім,сөз бен тіл құдіреті,адамның сезімі мен мінезі,көңіл-күйі,табиғат көріністері,өнер,халықтың тұрмыс-тіршілігі)
-Абайдың қанша әні бар?
(Абайдың 40 әні бар)
-Абайдың қай өлеңінен көрініс? ( Қараңғы түнде тау қалғып өлеңінен көрініс)
-Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?
Бүркітші тау басында,қағушы ойда
Іздің бетін түзетіп,аңдағанда
Томағасын тартқанда бір қырымнан
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
( Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінен үзінді)
-Абайдың қай әнінен үзінді?
( Өзгеге көңілім толмайды әнінен үзінді)
3.Ой қозғау. (интербелсенді тақтадан патшаның суретін көрсету арқылы оқушыларға ой шақырып,сабақтың тақырыбын ашу)
4.Жаңа сабақ: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін тыңдату
5. Сөзмаржан
Мінәжәт-құдайға сиынушылық,құлшылық етушілік
Құтпа- араб:уағыз оқу,сөйлеу мағынасында
Хадис- араб:Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері
Аят- құран сөзі
6.Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап (жеке,топпен)
1 топ. «Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы» дегенде ақынның поэзияға қояр талабы қандай?
2 топ.Абай өнерді неліктен үлкен өнер деп таниды?
3 топ.Абай қазаққа «Өлең деген бір қадірсіз» деп неге айтқан?
7. Мағынаны тану (жеке,топпен)
Ой ойдан шығады...
1топ
Шумақта берілген ой
Менің түсінуім Көркемдік ерекшеліктері
2 топ. Өлең құрылысына талдау
3 топ. Теориялық талдау
8. Шығармашылық отау
«Сөз түзелді,тыңдаушы, сен де түзел» деген тақырыпты негізге ала отырып,өлең шығару.Шығарған өлеңдерін 1топ-рэп, 2 топ-классика, 3 топ- эстрадалық түрде орындау
9. Сабақты қорытындылау
-Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
-Осы өлеңді оқығаннан кейін қандай ой түйдіңдер?
10.Бағалау
-Мадақтау
-Критерилер арқылы топ басшысының бағалауы
Оқушылардың
аттары
Топта сөйлеп идея айтқандар Белсенділігі Шығармашылық
жұмыс Мұғалім
нің бағасы
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.