Қазақ әдебиеті 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Шынықұлова Күнзираш Асанбайқызы
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін
мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Екібастұз қаласы
Павлодар облысы
Аннотация
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары 7-сыныптың оқу бағдарламасына сай құрылған. Сабақ барысында
әдеби шығарманы оқу арқылы Сыр өңірінің кешегісі, бүгіні мен болашағын танып-білу,
өз туған жерінің экологиялық жағдайына назар аудару мақсат етіп қойылған.
Салыстыру, зерттеу, талдау тапсырмалары арқылы оқушыларға экологиялық және
экономикалық білім беру , кәсіби бағдарлау жоспарланған.
Білімділік мақсаты: Шығарманы талдау, проблемалық
оқыту арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын таныту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мәнерлеп оқу , ойын
жүйелеп айта білу дағдыларын , шығармашылық жұмысқа икемділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Туған жерге деген махаббат арқылы қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелеу. Сабақ барысында кәсіби бағдар беру арқылы
эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: танымдық сабақ.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс: Тарих,
экономика, экология, биология.
Ұйымдастыру формасы: жеке –дара, топпен
Сабақтың
әдісі: мәтінмен жұмыс , сұрақ-жауап, пікір алысу, салыстыру .
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу,көңіл-күйлерін сабаққа
аудару,топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты пысықтау .
ІІ.Жаңа
сабақ.
1-кезең
.«Білім»
1.Оқушылармен бірге туған жер , Отан тақырыбындағы мақал-мәтелдерді
еске түсіру (әр топ бір-бірден).
2. Мұғалім туған жер, Отан туралы жалпы шолу жасап, жаңа тақырыпқа бағыттайды.
Кез – келген ақын міндетті түрде өз
елін, Отанын жырға қосатынын, соның бірі – Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі
екенін айтып өтеді. Автор шығармашылығына тоқталу.
2-кезең. «Түсіну»
Мәтінмен жұмыс:
-
Өлеңді мәнерлеп
оқу;
-
Тақырып – идея –
тегі;
-
Лирикалық қаһарман,
оның туған жерге деген махаббаты, ыстық ықыласы қай жолдардан көрінеді;
-
Сырдарияны неге «Ел
анасы – менің анам» дейді?
3-кезең. «Қолдану».
1. Топпен жұмыс:
(Ескерту: оқушыларға алдын-ала Сырдария өзені туралы
мәліметтер жинап, оқып келу тапсырылған. )
Тапсырма: І топ.
Сырдария өзені . Кеше .
ІІ топ.Сырдария. Бүгін.
ІІІ топ. Сыр өңірі .Ертең.
Алғашқы екі топ
дайындап келген мәліметтеріне сүйене отырып, ақын жырлаған Сыр елінің, Сырдария
өзенінің кешегі, бүгінгі тыныс-тіршілігін, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін, экологиялық
жағдайын , қоршаған ортаға келген
шығындардың ел экономикасына әсерін талдауға тырысуы керек.
ІІІ топ Сыр
өңірін сипатын ақын сөзімен бере отырып, қоршаған ортаны аялау , сақтау
арқылы болашақтағы өмірін,тынысын беруге
тырысады. Табиғатты аяламасақ , арты
қандай апатқа апаратынын болжайды.
4-кезең. «Анализ»
Салыстыру кестесі. Әр топқа «Эколог», «Жасыл полиция» және «Жергілікті
тұрғындар» рөлдерін беру арқылы Сыр
өңірінің экологиясына әсер еткен жағдаяттар мен өз туған жерінің , Екібастұз
өңірінің экологиясын салыстыру, қоршаған ортаны қорғауға өз көзқарастарын
білдіру.
Сырдария ,Сыр өңірі |
Екібастұз |
Мысалы: 1. Егістік, мақтаға және т.б.тартылған су арналарының қоршаған ортаға тигізген әсері. |
1.Көмір бассейндері. |
2. |
2. |
3. |
3. |
|
|
Ұсыныс: |
|
5-кезең. «Синтез»
Жекелей тапсырма.
«Адамзаттың
табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ...» - шығарма желісімен өз туған жерің, оның табиғаты туралы
ой толға.
6-кезең. «Бағалау»
Ә.Тәжібаевтың «Сырдария»
өлеңнің әлеуметтік мәні,
тәрбиелік рөлі, танымдық маңызы. Өзіңе қажетті қандай мағлұмат жинадың? (Әр оқушы өз ойын қорытындылайды)
ІІІ. Үйге тапсырма.
-
«Сырдария» өлеңін жатқа оқу;
-
Өлеңге сатылай кешенді талдау.
ІҮ.Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.