Қазақ әдебиеті 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев "Ана" өлеңі
 Сабақтың мақсаты:
- Қадыр Мырзалиевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу;
- Ақынның «Ана» өлеңінің мазмұнын аша отырып, оқушылардың анаға деген
 мейірімін ояту;
- Эстетикалық бағалау қабілетін дамыта отырып, тиянақты, жүйелі сөйлей
 білуге баулу, ойлау дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың амал-тәсілдері:        1. баяндау;      2. сұрақ-жауап;
Пәнаралық байланыс:  сурет, тарих 
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, қима қағаздар, кестелер
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу,
түгендеу;
ә) Сынып тазалығына
мән беру;
б) Оқушылардың
дайындығын тексеру;
Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларға  дайындап келген суреттерін қорғату;
Кітаптан үзінді
тауып оқу;
   1.Күреңбайдың Құлагерді сынауы;
   2.Ақан серінің  Құлагерді ақырғы бәйгеге шығарып салуы;
   3.Құлагер мен Ақанның қоштасқан сәті;
Жаңа тақырып.
Жаңа тақырыптың
мақсатымен таныстыру;
Слайд ашылып,
ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынады.
"Ана"
тақырыбында кішігірім бейне таспа көрсетіледі.
-Оқушылар, ана
сөзінде қаншама сезім мен мағына жатыр десеңдерші. Ана - әрқашан мақтан тұтатын
адам. Ана бізге махаббат пен мейірім  сыйлайды. 
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
 
 