Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық »
Әдебиеттік оқу 02.09.2014 ж
Сабақтың мақсаты:
1.
Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы
әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету.
2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту.
3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың
әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау
,іздену,
Көрнекілігі: оқулық, суреттер
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай
келгендеріңді еске алаыңдар.Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не
айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе?
ІІ.Мақсат
қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ
а/
Ы.Алтынсарин туралы түсінік.
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған.
Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей
оқу,жеке-жеке оқу.
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады?
2.Білім не үшін керек?
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты?
Ә) ІІ
деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе
түсіріп әңгімеле.
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың
бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың
пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны)
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп
ойлайсың?
б/
Дәптермен жұмыс
Ыбрай Алтынсариннің өсиетін дәптерге түсір.
сөздік жұмыс жүргізу.
Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу.
ІҮ.
Түсінгендерін тексеру:
Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?
Тауып оқу
Ү.
Қорытынды: Ыбрай Алтынсарин туралы
мәлімет жинау
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.
ҮІ. Үйге
тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.