«Жайықтың жағалауын жарқыратқан, «Жас Өркен» ұл-қызымен мәңгі мақтан!»
06.02.2015
3879
856
Бексұлтанова Жанар Бексултановна
Атырау облысы Индер ауданы
М.Сиранов атындағы орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бексұлтанова Жанар Бексұлтанқызы
І – жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар!
ІІ – жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын!
Еңсесі түспес ерлігі, ерен қуат бірлігі бар, ұлағатты дәстүрі, ұлан-ғайыр даласы бар, тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы, талапты да, талантты, зерделі де, зейінді, тәрбиелі де, өнегелі жас ұрпақ!
І – жүргізуші: Ақылымыз өсіп, азамат болып еңселі,
Адам да болдық, артатын бізге ел сенім.
Үлгісі болған намысты ұлдың ағалар,
Өздеріңнен алдық ұлылықтың нағыз өлшемін!
Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасауды пенделік емес, перзенттік парызым деп білетін, елінің болашағына жанашырлықпен қарайтын, халқын сүйетін ұлтжанды, абзал жандар бүгін біздің ортамызда!
ІІ – жүргізуші: Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй, айтылатын жыры көп.
Ерекше бір ән тербейік, ағайын,
Лагеріміздің бүгін туған күні деп!
Құрметті «Жас Өркен» жазғы демалыс лагерінің демалушылары, лагерь ұжымы! Қадірменді қонақтар! Лагеріміздің «Жайықтың жағалауын жарқыратқан, «Жас Өркен» ұл-қызымен мәңгі мақтан!» атты бес жылдық мерейтойына қош келдіңіздер!
І – жүргізуші: Көк аспан, көрік берген тамаша күн,
Тербетіп жыр оқысам, таласар кім.
Ұрпаққа Елбасының қамқорлығы
Ойлаған бөбектердің болашағын.
2010 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен республиканың түкпір-түкпірінде кең қанат жайған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ну тоғайлы Ақ Жайықты жағалай қоныс тепкен, топырағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мұқанғазы Сирановтай ағартушы-ұстазды, Сағидолла Құбашевтай мемлекет, қоғам қайраткерін, республикаға танымал Есенжол Домбаевтай жазушы –драматургті дүниеге әкелген Елтай ауылында «Жас өркен» балалардың жазғы демалыс лагері салынған болатын. Міне, бүгінде лагеріміз бес жасқа толып отыр.
ІІ – жүргізуші:
Олай болса, «Жас Өркеніміздің» жұлдызды ұл-қыздары! Бүгінгі бес жылдық мерейтойымыздың құрметіне «Жас Өркен» әнұранына айналған «Балдәурен» әнін бірге шырқайық! (ән айтылады)
І – жүргізуші: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды, ауылың мен аймағың.
Елбасымыз биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!
Өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы, терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет пен үлкен азаматтық парасатқа ие, жаны жомарт, қамқор да, талапшыл басшы Ешмуханбетов Сәбит Сайфоллаұлын ортаға шақырып, құттықтау тілегін тыңдасақ.
ІІ – жүргізуші:
Ұлықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Бишінің биші болып атануы,-
Үйреткен тәлім берген ұстазынан. Мың бұралған биші қызымыз Жалғасқызы Ақсүйрікті «Шашу биімен» ортаға шақырамыз. Қошемет көрсетейік достар.
Жарайсың Ақсүйрік!
І – жүргізуші: Айтар болсақ, екшеп бүгін көп ойды,
Жақсы жанды Алла өзі жебейді.
Алғыс алған ел-жұртынан әрдайым,
Абзал жансыз біздер үшін мерейлі.
Тектілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көпшіл бір азаматы болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген, ардақты ағамыз, округ әкімі Дүйшім Ербол Жексенұлына сөз кезегін берсек.
ІІ – жүргізуші:
Бүгінгі күн жақсылықтың күнімен,
Елге ырыс, жүректерге несібе.
Күй шашылсын, шартарапқа шабайық.
Домбыраның үніменен көсіле. Кезекті күйге берсек. «Сегіз қырлы, бір сырлы» лагерь ханзадасы байқауының жеңімпазы Қадым Әлібиді «Адай» күйімен сахна төріне шақырамыз.
Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ, қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра деген осығой достар. Олай болса, Әлібиге тағы да қошемет көрсетейік.
І – жүргізуші: Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,
Оңашада ойға батып, ой өріп.
Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ,
Еңбегіңіз жүрді ылғи өтеліп.
Жүректерге білім нәрін мың құйып,
Жанарында тұратындай күн күліп,
Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсіз,
Адалдықты әр ісіңізден білдіріп.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолында еңбек етіп, шығармашылық жетістіктерге жетіп, білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденіс танытып жүрген, ғұмырын қазақ елінің болашағына арнаған зиялы азамат Шакимов Берік Жеңісұлына сөз кезегін ұсынамыз.
ІІ – жүргізуші: Жүрегіңе нәр берер салған әні,
Сол әнімен көрінген таза жаны
Әнімен әлдилеген халқымызды,
Шақырамыз ортамызға Шәрбатжанды,- дей келе «Ажарлы, сұлу, ғажап тым, қыздары қандай қазақтың!» лагерь ханшайымы байқауының жеңімпазы Қайырбаева Шәрбатты «Сәлем, саған, туған ел» әнімен ортаға шақырамыз.
Қошемет ағайын! Шәрбатжан өнерің өрге жүзсін.
І – жүргізуші: Ұстаздықпен салып жолға деректі із,
Сіз, біз үшін әрқашан да ерексіз!
Әр уақытта бірге болып біздермен,
Қуанышты көп көріңіз демекпіз!
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие, ірі тұлға ретінде, халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қиын да, қызықты салаларын атқарған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас. Лагеріміздің ашылуына куәгер болып, зейнеткерлікке шыққанға дейін лагерь басшысы қызметін атқарған Ахметжан Зәки Ахметжанұлына сөз кезегін берсек.
ІІ – жүргізуші: Бәріңе, бәріңе, бәріңе! Назарларыңызға лагеріміздің бес жыл бойғы жемісті еңбегінің нәтижесі мен балғын балалық шақтың көңілді де, шаттыққа толы өмірінің көрінісін ұсынамыз. (Презентация. Өлең оқылады.)
І – жүргізуші: Бұл туған күн бәрімізге мереке,
Шаттық болсын, қуанышты көл етер.
Ағалардың тілегімен бұл күні,
Келе берсін, бақыт, байлық, береке!
Өз еңбегін арнаған саланы дамытуға белсенді қызмет көрсетіп жүрген, тың жаңалықтарды халыққа жеткізуде жоғары қабілетінің арқасында елінің алғысына бөленген, білікті маман иесі Амантурлин Жанай Ислямғалиұлын ортаға шақырып, сөз берсек.
ІІ – жүргізуші: Өнерлінің өнерін тағы да байқап көрейік,
Жүйрік аттай желейік, әзілге кезек берейік.
Күлкі адам жасын ұзартады дейді дәрігерлер. Ендеше лагеріміздің «Көңіл аудар» құрамасының көңілді де, тапқыр жігіттерін ортаға шақырамыз.
Өмірдің тәттілігін білген жақсы,
Тәтті өмірде тәтті жеп жүрген жақсы.
Өмірде асау атқа мінген жақсы
Бәрін айт та бірін айт ең бастысы,
Күніне адам құсап күлген жақсы.
Сондықтан достар! Өміріміз күлкіге толы болсын!
І – жүргізуші: Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүюді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
«Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Қабижанова Сәнім Есенқызын қызықты ойынымен ортаға шақырсақ.
ІІ – жүргізуші: Кісілігі, білімі де жоғары,
Жақсы адам ғып жаратқан бұл қоғамы.
Деп балалар биік шыңға балайтын,
Әділ, тура, озық ұстаз санайтын
Ортамызға Сырғалыдай апайды,
Қошеметтеп шақырайық ағайын.
Жоғары жауапкершілік пен біліктілігін таныта біліп, туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарлар тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы, лагерь меңгерушісі Жалиева Сырғалы Қабижанқызын ортаға шақырып, лагерімізде демалған дарынды да, өнерлі өрендердің демалыс уақытының көңілді де, әсерлі өтуіне жағдай жасап, аянбай еңбек еткен лагерь қызметкерлерін марапаттауға рұқсат етіңіздер.
І – жүргізуші: Биле жастық, жатырқама, жасқанба!
Биле тағы әуен үнін қосқанда.
«Биле» деген сөзді естіген сәтіңде,
Байқап тұрғын, несібеңнен бос қалма.
Кезекті жастар биіне берсек. Сахнада «Жалын» бишілер тобы.
ІІ – жүргізуші: Өмірге де, өнерге де жаны құштар, лагеріміздің ең кішкентай демалушысы Дильназ бен тәрбиешісі Арайлым Нұрымғалиқызын «Ертегілер» әнімен ортаға шақырсақ.
І – жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды, қанат қағып, - дей келе өз өнерімен талайларды тәнті еткен әнші жігіт Қуанғали Жантөрені Базаржыраудың «Саз керек атқа шаппаққа» термесімен ортаға шақырамыз. Қошемет ағайын.
ІІ – жүргізуші: Кезекті тағы да бір ойынға берсек. Ортада «Ұлан» тобының тәрбиешісі Баймұратова Элеонора Баймұратқызы.
І – жүргізуші: Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Би биленіп күй менен жыр бірге ұшады.
Сахна төрінде «Жұлдызай» бишілер тобы. Биші қыздарды қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
ІІ – жүргізуші: «Өнер – Алла сыйы, аманат, өнерпаз - аманатты арқалаушы». Дарқан даланың төсін емген, табиғат анадан өсіп өнген қазақ халқы өнерді сүйіп, өнерліні құрметтеген. Олай болса, біздің ортамызда да өнерлілер аз емес. Ендеше мерекелік кешімізді әсем әнмен әрлендірсек. Ән «Биле». Ортада Ғабдысамат Әділжан және Қуанғали Жантөре.
І – жүргізуші: Бүгін міне, лагеріміз бес жаста. Туған күннің дәлелі болар тәтті сый ортамызда. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып, «Жас Өркенімізді» туған күнімен құттықтайық! (жас өркен үш рет, құттықтаймыз үш рет)
ІІ – жүргізуші: Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Осымен бүгінгі «Жайықтың жағалауын жарқыратқан, «Жас Өркен» ұл-қызымен мәңгі мақтан!» атты лагеріміздің бес жылдық мерекесіне арналған салтанатты кешіміздің бірінші бөлімін аяқтаймыз.
Лагеріміз күннен күнге өркендеп, көркейе берсін! Кешіміздің екінші бөлімі мерекелік дастарханмен жалғасады.

Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.