Информатика пәні бойынша оқытудың интерактивтік әдістерін қолдану
Біз «Өмір бойына жететін білім алу» моделінен
«өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және
т.б. өзгерiстер педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесiне де әсер етуде. Бұл
өзгерiстер мұғалімдердің білімдерін көтерудегі жаңартулар ғана емес,
мектептерде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді қажеттiлiк
тудырады.(1 слайд)
Мұғалім мен оқушының арасындағы қарыма қатынастың үш формасы(2слайд)
- Бейтарап әдіс(3 слайд)
- Белсенді әдіс (4 слайд)
- Интерактивті
әдіс (біз бүгін осы
әдіске тоқталамыз (5 слайд)
¢ Интерактив – сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген
сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.
¢ Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, конструктивті білім беруге,
сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным
белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.(6
слайд)
Интербелсенді
әдістерге: топпен жұмыс, пікір–таластар, проблемалық шығарма әдістері,
презентациялар, рөльдік ойындар, блиц-сұрақтар әдісі, кейс – стадийлер, миға
шабуыл әдісі, викториналар, мини зерттеулер, іскерлік ойындар, инсерт әдісі, анкета
алу әдісі және т.б. жатады.
Көрсетілген
интербелсенді әдістерді қолдану арқылы- мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына
жағдай жасау, оқушыларды елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
(7
слайд) Интербелсенді әдістің нәтижесінде оқу процесінің барысында оқушылар
мыналармен қарым – қатынасқа түседі:
¢
1. Мұғаліммен
(оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде);
¢
2. Оқушылармен
(жұптасып жұмыс істеу барысында)
¢ 4. Шағын топтармен (3-4 оқушымен);
¢ 5. Оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат
сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
¢ 6. Техника түрлерімен
(мысалға, компьютермен, интербелсенді тақтада жұмыс істеуде).
(8 слайд)Осы бағытта кезігетін кедергілер:
¢ Топ ішінде белсенділік
танытпайтын адамдардың пайда болуы
¢ Уақыттың тиімсіз
пайдалануы
¢ Топтасу пайда болуы,
яғни топтар арасында өзара кикілжін туындауы
¢ Топтық жұмыстардағы шу
¢ Топ ішіндегі спикерлер
дәлелді сөйлей алмауы
(9 слайд) Кедергілерді жою мақсатында әртүрлі
әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруға болады.
¢ Мысалы, бірінші мәселе
бойынша, топ ішінде белсенділік танытпайтын оқушыны ынталандыру үшін, тапсырма
бергеннен кейін топ ішінде аралап жүріп, аз қатысып отырған адамды таңдап,
орындық арқасына стикер жапсырып кетуге болады.
¢ Тапсырманы орындап
болғаннан кейін спикер тағайындауда, орындықтың артында стикермен белгіленген
адам болады деп жариялаймын.
(10 слайд)Ең тиімді
әдістің бірі «3 таяқша» әдісі.
Әрбір топ мүшесіне 3 таяқшадан үлестіріліп, тақырып
төңірегінде 1 – идея, 1 - сұрақ, 1 – жауап беруге тапсырылады. (әдістерді
тарату)
(11 слайд) Топтық жұмыс барысында топтар ішінде түрлі
кикілжін жағдайлар туындауы мүмкін. Яғни, топтар арасында бәсекелестік туындап,
ол бәсекелестік дауды тудыру мүмкін.
Оның алдын алу үшін не істеу керек?
(12 слайд) Оның
алдын алу үшін топтар құрамын үнемі ауыстырып отырған дұрыс, яғни ауыспалы
топтар жасау.
Топтарды
құруда түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер ақылы,
бойларымен тұрғызып, туған күндері, жастары бойынша есімдерінің әріптері
арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолдану.
(13 слайд)Электронды оқулықпен жұмыс
(14 слайд)Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
ертегілерден үш ұнайтын кейіпкерді ойланып, қағазға
жазыңыздар..
(15 слайд)Мен ойлаймын, мен-……….
Біреулер ойлайды, мен-………
Шын мәнісінде, мен-……….
(16 слайд)Сабақтың барысы
Ø Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ø Топқа бөлу
Ø Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жұмбақ. Қазір сіздерге
суреттер көрсетемін сол арқылы сабақтың тақырыбын болжап айтыңыздар.
Ø Блум бойынша
q Білу /Үй тапсырмасы тексеріледі/ 8 мин
q Түсіну
/ақпарат беріледі/ 5 мин
q Қолдану
/Кубизм стратегиясы/ 8 мин
q Сергіту
кезеңі 2 мин
q Талдау
/Топтық жұмыс/ 8мин
q Жинақтау
/Компьютерде жұмыс/ 7 мин
q Бағалау
1 мин
q Рефлекция
1мин
q Үйге тапсырма 1
мин
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.