ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Білімділік. Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық
географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар,
зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.
Дамытушылық.
ХVІ-ХІХ
ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан
зерттеулерді карта бойынша сипаттау, қорытынды жасау.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік
қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: физикалық
картасы
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1.Ұйымдасты-ру кезеңі (3 мин) |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа
дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. |
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін
анықтау. |
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10+1-2 мин) |
1) Орта ғасырларда қазақ жерінің
зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері;
3) Махмуд Қашқаридің негізгі
еңбектері; 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай
саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық
саяхатшылар мен елшілер бар? «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесін тексеру |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді: 1. 2 |
3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
|
16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағында болған
тарихи оқиғаларды еске түсіру. Осы оқиғаларға орай қазақ жерінің зерттелуіне
үлес қосқан зерттеушілермен таныстыру. |
|
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі. |
1) Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі;
2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. әскери
экспедициялар; 4) Семенов Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, И.В. Мушкетовтың,
А.Н. Красновтың, Л.С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып,
талдау. |
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі |
Кескін картаға зерттеушілердің жүрген жолдарын
түсіру. |
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі |
1. 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай
зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П.П. Семеновқа
Тянь-Шанский атауы не үшін берілген. |
|
7. Бағалау кезеңі |
Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды
жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады. |
|
8. Үйге тапсырма беру кезеңі |
7 параграфтың сұрақтарына жауап беру.
«Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне ХVІ-ХІХ
ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан
зерттеу деректерді енгізу |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.