№5 сарамандық жұмыс
Білімділік мақсаты – оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.
Дамытушылық мақсаты –
Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,
жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын
қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты –
Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру,
оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды
ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін
қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық,
8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық
картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Практикалық
сабақ
Оқыту әдістері:
Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:
І
кезең – ұйымдастыру
кезеңі (3 мин)
ІІ
кезең – білім мен
икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)
ІІІ
кезең – қорытынды кезеңі
(2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
І |
Мұғалім оқушылармен амандасып,
балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді. |
Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа
дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін
карталары болады. |
ІІ |
1
тапсырма. Жоспар
бойынша Қазақстанның жеті ірі өзенінің біреуіне сипаттама бер. 2 тапсырма. Қазақстанның ірі көлдері – Каспий, Арал, Балқаш
көлінің экологиясы туралы жаз. 3 тапсырма. Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерін кескін
картада белгіле. |
Оқушылар бірінші
тапсырманы келесі жоспар бойынша орындайды: 1) өзеннің бастауы, орнының
биіктігі, ендік, бойлығы; 2) өзен ағып өтетін жердің бедері; 3) жағалауларына
сипаттама; 4) салалары; 5) құятын жері; 6) су деңгейінің ауытқуы, толысуы; 7)
шаруашылықтағы мәні; 8) экологиялық жағдайы. Екінші тапсырмада ең алдымен
көлдердің географиялық орнына, кейін эклологиялық проблемаларына сипаттма
береді. Үшінгі тапсырмада кескін
картамен жұмыс істейді. |
ІІІ |
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен
жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. |
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен
жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.