Физикадан 8 сыныпқа арналған тест жұмыстары
Жылу құбылыстары.
Тест А-1
1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?
а) молекулалардың
арақашықтығы артты; б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;
в) молекулалардың
өлшемі өзгерді; г) молекулалардың құрамы өзгерді;
д) ешқандай
өзгеріс болмады.
2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.
а) мұзды құрайтын
молекулалардың өлшемдері артты; б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері
өзгермеді; в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды; г) мұзды құрайтын
молекулалардың орналасуы өзгерді; д) дұрыс жауап жоқ.
3.Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі
жауаптар ішінен дұрысын таңда.
а) тұз картофель
ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді;б) судың температурасы төмен болса, тұз
тез сіңеді; в) тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді;
г) судың және
тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді; д) дұрыс жауап жоқ.
4. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы
жылулық деп аталады?
а) әртүрлі
жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз
қозғалысы;б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы
молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;в) белгілі бір тепе-теңдік
маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;г) қатты күйде заттың
молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды; д) дұрыс жауап жоқ.
5. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы
285К.
Қай білеушенің температурасы жоғары?
а) ағаш; б)
темір; в) білеушелердің температуралары бірдей; г) білеушелердің
температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген;
д) дұрыс жауап
жоқ.
6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?
а) дененің ішкі
энергиясы тәуелсіз шама; б) дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына; в)
денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына; г) денені құрайтын
бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына; д) бөлшектердің ретсіз қозғалысының
энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына .
7.100 ºC ретінде қандай температура алынған?
а) мұздың
температурасы; б) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы; в)
қайнап жатқан судың температурасы; г) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың
қайнау температурасы; д) тұз араласқан мұздың еру температурасы.
8.Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
а) қыздыру
кезінде сұйықтың булануы; б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы; в) қыздыру
кезінде қатты дененің балқуы; г) қыздыру кезінде сәуле шығару; д) қыздырған
кездегі сұйықтағы конвекция .
9. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра
ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?
а) ағаш; б) мыс;
в) шыны; г) үшеуі де бірдей; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Бөлмедегі ауа орталық жылу жүйесінің радиаторы арқылы қалай жылынады?
а) радиатордан
жылу бөлінеді де, бөлмеге түгел таралады; б) бөлменің жылынуы тек жылу
өткізгіштік арқылы жүзеге асады; в) бөлменің жылынуы тек конвекция арқылы
жүзеге асады; г) энергия батареядан жылу өткізгіштік арқылы бөлмедегі ауаға
беріліп, содан кейін конвекция арқылы бөлмеге таралады; д) а-г жауаптар ішінде
дұрысы жоқ.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.