Графика өнері 4-6 сынып оқушыларына арналған факультатив бағдарламасы
Мақсаты
Оқушылардың көркем-эстетикалық
талғамы мен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны таныту
және де отансүйгіштік сезімдерін арттырып, әсемдікке, сұлулыққа жетелеу.
Сабақ жоғары деңгейде өтілу үшін
оқушылардың бейнелеу өнеріне деген дұрыс қатынастары мен көзқарастарын өзгертіп
отыру және іс-тәжірибе тұрғысында шығармашылық жұмыс жасауларына барынша
талпындыру.
4-сынып. Сызба
(графика) өнері туралы түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің
түрлерімен таныстыру.
5-сынып. Оқушылардың
бастауыш сыныпта алған білімдерін әріқарай жалғастыру.
Графиака өнерінің
әдіс-тәсілдерін меңгеруге оқушыларды баулу.
6-сынып.
Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері
-
оқушыларға өнердің бейнелеу құралдарын жүйелі меңгерту арқылы
айналадағы
өмір шындығына эстетикалық көзқарасты
қалыптастыру;
-
көркем мәдениет пен оның қоғам өмірінде алатын орны туралы түсінікті
дамыту;
-
оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін
эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге
баулитын жүйелі білім, шығармашылық
икемділік пен дағдыны қалыптастыру;
-
өмір шындығы көріністерін табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның
сезімділік әсерін балалардың көре, сезіне
білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында
олардың кеңістік туралы түсінігін,
қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде
дамыту;
-
бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып, қалыптасқан көркемдік
дағдыларын,
икемділіктерін тұрмыс жағдайында, еңбек
процесінде, қоғамдық қызметте
пайдалана білуге баулу.
Түсініктеме хат
4-6 сыныптарға арналған
бағдарламалардың мазмұны қазіргі кезеңде қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие
жұмыстарына қойылып отырған негізгі талаптарға үйлестіріле жасалған.
Бейнелеу өнері- жалпы білім беретін
мектепте оқушылардың әсемдік талғамын, көркемдік икемділігі мен шеберлік
қабілетін дамыту арқылы оларға имандылық, ізгілік, эстетикалық тәрбие беретін
оқу пәні.
Мектепте бейнелеу өнерін
оқыту-айналадағы өмір шындығынан туған көркем образдардың өнер туындыларында
жасалу ерекшеліктерін оқушылардың жүйелі қабылдауын және оны мүмкіндігінше
өзінің бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыру принциптеріне
негізделген. Әрбір сабақтағы оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі бейнелеу
өнерін оқытудың да негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарында
оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін ұштастыра білу олардың
өмір шындығы менөнердегі сұлулықта байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, оған
деген қызығушылығын арттырады. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем
бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды
еңбекке баулиды, өнеркәсіпте жасалған түрлі бұйым-заттарға эстетикалык биік
талғам тұрғысынан қарауға және тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғат сұлулығын
қорғай білуге баулиды.
Бағдарламада әр сыныпқа 34-сағаттан
берілген.
4-сынып
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
1. |
Кіріспе. |
1 |
2. |
Бейнелеу
өнерінің түрлері мен жанрлары. |
1 |
3. |
Графика
түрлерімен танысу. |
1 |
4. |
Сурет. |
1 |
5. |
Жұмыс
материалдары мен техникасы. |
1 |
6. |
Сызық түрлері. |
1 |
7. |
Реңдік
бейнелеу. Жарық пен көлеңке. |
1 |
8. |
Затқа қарап
сурет салу. |
1 |
9. |
Сиқырлы
қарындаш. (Жаттығу сабағы). |
1 |
10. |
Сиқырлы
дөңгелек.Сурет (дөңгелек пішінді заттардың суреттері.қарындаш, қағаз). |
1 |
11. |
Күзгі ағаш.
Сурет (қағаз, қарындаш). |
1 |
12. |
Күз көрінісі.
Сурет (қағаз, қарындаш). |
1 |
13. |
Жануарлар
суретінің долбары. |
1 |
14. |
Құстер
суретінің долбары. |
1 |
15. |
Гравюраның
түрлері. |
1 |
16. |
Кітап
графикасы. Кітап иллюстрациялары. |
1 |
17. |
Газет
суреттері, карикатуралар. |
1 |
18. |
Плакаттар,
жарнамалар. |
1 |
19. |
Түрлі түсті
қарындаштар. |
1 |
20. |
Дизайн. Сурет
(қағаз, тушь, қаламұш, түрлі-түсті қарындаштар). |
1 |
21. |
Ертегідегі
жануар.Сурет (қаламұш, қағаз, тушь). |
1 |
22. |
Геометриялық
кескіндер. Сурет (қарындаш, қағаз). |
1 |
23. |
Бұтақта отырған
құс.Сурет (қағаз,тушь,қаламұш). |
1 |
24. |
Қысқы орман.
Сурет (қағаз,тушь,қаламұш). |
1 |
25. |
Қазақтың
ою-өрнектері. Сурет (қағаз,фломастерлер). |
1 |
26. |
Өсімдіктер.Сурет (Кактус,қағаз, тушь, қаламұш). |
1 |
27. |
Портрет. Сурет
(қағаз, қарындаш). |
1 |
28. |
Қызықты,
көңілді бет-бейне. Сурет (қағаз, қарындаш). |
1 |
29. |
Астана.Сурет
(субояқ, қағаз, тушь, қаламұш). |
1 |
30. |
Роботтар елінде.
Сурет(қағаз, қарындаш). |
1 |
31. |
Шығармашылық
жұмыс. |
1 |
32. |
Аквариумдағы
балықтар. Сурет (қағаз,тушь, қаламұш, субояқ). |
1 |
33. |
Менің
көңіл-күйім. Сурет. |
1 |
34. |
Көрме
ұйымдастыру. |
1 |
|
Барлығы |
34 |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.