№ 68 сабақ. Тақырып. Ғасырлар қойнауынан
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Ермексазбен «Алтын
адам» мүсінін құрастыру арқылы ой өрісін дамыту, құрастыруға дағдыландыру және адамгершілікке баулу
Құрал-жабдықтар, көрнекі
құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын
реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.
Жаңа сабақ: (Оқулықпен жұмыс) «Алтын киімді адам»-көне
дәуірдегі сақ жәдігері. Алтынмен өшекейленген. Сақ көсемінің киімінде ата-баба
көркем еңбегінің ұлылығын көруге болады. Алматыда «Тәуелсіздік монументі»жайлы
білетініңді айт.
Пысықтау: Кітаппен жұмыс: суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасау. Алтын адам мүсінін жасап көру.
Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық?
Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Ізденімпаздық
деген не деп ойлайсың?
Сабақты қорытындылау:
Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша
тапсырма беру, өздігінен
әшекейлеу
Үйге тапсырма беру:
ермексаз әкелу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.