№ 64 сабақ. Тақырып. Ермек сазбен жұмыс
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету; фигуралар
құрастыру арқылы ой өрісін
дамыту, құрастыруға дағдыландыру және адамгершілікке баулу
Құрал-жабдықтар, көрнекі
құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу -құралдарын
реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.
Жаңа сабақ: (Оқулықпен жұмыс) Қазіргі заман талабына
сай ермексазбен жұмыс істегенде ережеге
көп көңіл бөлу керек.
1) Ермексаздың дәмін татуға болмайды!
2) Кір қолмен көзді уқалауға болмайды!
3) Барлық құрал-саймандардың үшкір екендігі
есіңде болсын!
4) Жұмыстың соңында қолыңды міндетті түрде
сабындап жу!
Пысықтау: Кітаппен жұмыс: суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасап
үйрен. Құлын жасап көрелік. Құйрығы мен
жалын жеке жасап алып денесіне жапсыр.
Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық?
Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?
Сабақты қорытындылау:
Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша
тапсырма беру, өздігінен
әшекейлеу
Үйге тапсырма беру: Бірнеше пішіндер қиып келу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.