№ 66. Тақырып. Қайталау. Цирктік қойылымдар.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Дымков
өрнектерімен цирк аренасының кейіпкерлерін безендіруге үйрету, ептілігін дамыту, ойлай және ойын іске асыра
білуге дағдыландыру және адамгершілікке баулу
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: ермексаз, пышақ, құрал-саймандар.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын
реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.
Жаңа сабақ: (Оқулықпен жұмыс) Кітаптағы суретті зерттеп қарау, қалып үлгіні
пайдаланып, ат пішінін мүсіндеу. Оны нақыштап сәндеу.
Пысықтау: Барлық жасалған бейнелерді жинап қойылым
ұйымдастыру
Қорыту: Көркем бұйымдардың қандай түрлерін білесің? Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге
үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?
Сабақты қорытындылау: Ермексаздан тағы не жасауға болады?
Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша
тапсырма беру, өздігінен
әшекейлеу
Үйге тапсырма беру: Бірнеше пішіндер қиып келу.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.