Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Менің мекен – жайым.
Мұғалім: Семенова.Т.Н.
Сабақ:
Айы,күні________________
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты
мәлімет бере отырып,
түсіндіру,
сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, хат жазу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тасымалды меңгеру, мекен - жай жөнінде
өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу -
Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Өзім туралы» тақырыбына жазған әңгімелерін
тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Менің мекен – жайым» тақырыбындағы
сөйлесуді жалғастырыңдар.
- Сен қай Республикада тұрасың?
- ... .
- Сен қай облыста тұрасың?
- ... .
- Сен қай ауданда тұрасың?
- ... .
2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді
екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай
сәйкестендіріңдер.
3 – тапсырма. Үлгі бойынша досыңа немесе
алыстағы туысқаныңа ,т.б. хат жазыңдар.
Конверттің сыртын үлгі бойынша толтырыңдар.
Үлгі: Кімге?
М.А.Досжановаға
Кімнен? М.Красиковтан
Шығыс Қазақстан
облысы
Батыс Қазақстан облысы
Аягөз
ауданы
Зеленов ауданы
Сандықтас
ауылы
Калинин ауылы
Д.Бабатайұлы көшесі, 2
үй.
Торговая
көшесі, 7 үй.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
Сөйлемдер құрап, буынға бөліп жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.