Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы.
Мұғалім: Семенова.Т.Н.
Сабақ:
Айы,күні________________
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты
мәлімет бере отырып,
буын және екпінді түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге
үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек - сызба
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: буынды меңгеру, өзі жөнінде өз
пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен
амандасу -
Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 -5 тапсырмаларды сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сызба бойынша өздерің
туралы айтып беріңдер.
ТАНЫСУ
Аты-жөні |
Туған жылы, айы, күні |
Туған жері |
Мекен-жайы |
Ұлты |
Оқитын мектебі, сыныбы |
Бос уақыты |
Ермегі |
2 – тапсырма. Өзің туралы мәліметті
толықтыр.
3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына
керекті сөздерді қойып жазыңдар.
атым- ... .
атың - ... .
Менің
Сенің
фамилиям - ...
.
фамилияң - ... .
... жастамын.
... жастасың.
Мен
Сен
... қуаныштымын.
... қуаныштысың.
Ережемен жұмыс
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Мысалы: а- та, құ-мырс-қа, та-сы-мал, т.б.
Ашық буын – дауыстыдан болатын немесе дауыссыздан басталып,
дауыстыға аяқталатын буын түрі. Мысалы: ша-ға-ла, ә-ке, т.б.
Тұйық
буын- дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын түрі.Мысалы: ел,
ес-еп, үш
Бітеу буын-дауыссыздан басталып, дауыссыздан
аяқталатын буын түрі.Мысалы: мек-теп, тас, бол.
Екпін – сөз ішінде бір дыбыстың ерекше
интонациямен айтылуы. Қазақ тілінде екпін
тұрақты, сөздің соңғы буынына түседі.
Мысалы: Қазақстан, машина, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы
бекіту.
V. Үйге тапсырма
4 –тапсырма (Деңгейлік тапсырмаларды
орындау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.