Тест Тас дәуірі.
1 нұсқа.
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі?
А) қола дәуірі В) тас дәуірі С) темір дәуірі D) мысты-тас дәуірі Е) орта тас дәуірі
2. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі:
А) егіншілік В) балық аулау С) терімшілік D) мал шаруашылығы Е) тігін
3. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары:
А) үңгірлер В) күркелер С) ағаш үйлер D)
шалаштар Е) киіз үйлер
4. Адамның шыққан отаны:
А) Америка В) Африка С) Антарктида D) Европа Е) Евразия
5. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі
топтасу жүйесі:
А) тайпа В) тобыр С) рулық D) отбасы Е) көршілік
6. Қазақстанда ең ежелгі адамдардың өмір сүрген
аймағы:
А) Орталық Қазақстан В) Солтүстік Қазақстан С) Оңтүстік Қазақстан D) Батыс Қазақстан Е) Шығыс Қазақстан
7. Ғалымдардың ең ежелгі адамдардың атауы:
А) саналы адам В) епті адам С) тік жүретін адам D) маймыл тектес
адам Е) қытай адамы
8. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары:
А) қой мен жылқы В) сиыр С) аю мен қасқыр D) мамонт пен бизон Е) түйе
9. Епті адам қайдан табылған?
А) Ява аралынан В) Қытайдан С) Кениядан D) Франциядан Е) Қазақстаннан
10. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу
жүйесі:
А) рулық В) отбасылық С) тайпалық D) көршілік Е) қауымдық
11. Ең ежелгі адамның еңбек құралы:
А) найза В) қашау мен үшкір тас С) балта D) шоқпар Е) бумеранг
12. «Епті адамның» шамамен өмір сүру мерзімі:
А) 1 млн. жыл бұрын В) 1 млн. 750 мың жыл бұрын С) 2 млн. жыл бұрын D) 3 млн. жыл бұрын Е) 1 млн. 500 мың жыл бұрын
13. Адамзат дамуының епті адамнан кейінгі келесі
даму кезеңі:
А) саналы адам В) қытай адамы С) тік жүретін адам D) маймыл тектес
адам Е) ежелгі адам
14. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі:
А) тобыр В) тайпа С) отбасы D) қауым Е) көршілік
15. Қазақстанның ежелгі тұрғындары кімдермен
замандас болды?
А) неандертальдармен В) кроманьондармен С) питекантроп және синантроптармен D) епті адаммен Е) саналы адаммен
16. Алғашқы адамдардың қоныстануына Қазақстанның
қай жері өте қолайлы болды?
А) Жетісу
В) Сарыарқа С)
Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жоталары D) Орталығы
Е) Шығысы
17. Питекантроп қайдан табылды?
А) Ява аралынан В) Қытайдан С) Германиядан D) Кениядан Е) Франциядан
18. «Тік жүретін адам» өкілдері:
А) кроманьон және синантроп В) питекантроп және синантроп С) неандерталь D) австралопитек Е) епті адам
19. Неандерталь адамы қайдан табылды?
А) Кениядан В) Ява аралынан С) Қытайдан D) Германиядан Е) Франциядан
20. Жер бетінде бұдан 40-35 мың жыл бұрын өмір
сүрген адам:
А) Саналы адам В)
Епті адам С) Қытай
адамы D) австралопитек Е)
неандерталь
21. Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты:
А) Ағаш В) Тас С) Үшкір сүйек D) Темір Е) Мыс
22. Синантроп қайдан табылды?
А) Ява аралынан В) Қытайдан С) Кениядан D) Германиядан Е) Франциядан
23. Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір
сүрді:
А) Кроманьон В) Неандерталь С) Синантроп D) Епті адам Е) Саналы адам
24. Ежелгі адамның маймылдан басты айырмашылығы:
А) Сыртқы бейнесінде В) Еңбек құралдарын жасауында С) Сөйлей алуында D) Айырмашылық жоқ Е) Тік жүруінде
25. Жер бетінің күрт суый бастауы:
А) 1 млн.жыл бұрын В) 100 мың жыл бұрын С) 500 мың жыл бұрын D) 200 мың жыл бұрын Е) 2 млн. жыл бұрын
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.