Тест Сарматтар.
1 нұсқа.
1. Сарматтар Қазақстанның қай
бөлігінде өмір сүрді?
А) Орталық В) Шығыс С) Батыс D)
Оңтүстік Е) Солтүстік
2. Сармат тайпалар одағына қай
тайпалар енді?
А) Роксоландар, аландар, сирактар
В) Сарматтар, аландар, массагеттер С) роксоландар, аорстар D) сақтар, аорстар
Е) сарматтар
3. Сарматтардың негізгі
шаруашылық түрі:
А) егіншілік В) малшылық С) балық
аулау D) көшпелі мал шаруашылығы Е) отырықшы мал шаруашылығы
4. Диодордың айтуы бойынша қай
тайпа Скифия жеріне басып кіріп, халқын қырғынға ұшыратты?
А) қаңлылар В) сарматтар С)
ғұндар D) массагеттер Е) исседондар
5. Сарматтар қабірдің үстіне
топырақтан не үйетін?
А) төбешік В) зират С) оба D)
үйме Е) мазар
6. Сармат қоғамының дамуына
қай мәдениет әсер етті?
А) парсы В) грек С) сақ D) иран
Е) европа
7. Ғұндар келгенге дейін
сарматтар ... тілді ел болды.
А) араб тілді В) парсы тілді С)
иран тілді D) қазақ тілді Е) славян тілді
8. Археологтар сарматтардың
жерлеу орындарында грек құдайы ... бейнелерін жиі кездестіреді.
А) Афинаның В) Афродитаның С)
Зевстің D) Дионистің Е) Аидтің
9. Сармат шеберлері екі немесе
одан көп ағаш түрінен жасалған садақты қандай желіммен жабыстырды?
А) қағаз желімі В) су желімі С)
балық желімі D) қамыр желімі Е) жануарлар желімі
10. Сарматтардың түркіленуі
... келуіне байланысты болды?
А) сақтардың В) ғұндардың С)
парсылардың D) ирандықтардың Е) түріктердің
11. III-V ғ.ғ. зергерлік
өнерде қандай металл көп қолданылды?
А) күміс В) алтын С) мыс D) қола
Е) темір
12. Б.з.д. І ғ. сарматтар
Митридатпен одақтасып кімдермен соғысты?
А) Грекиямен В) Түркиямен С)
Риммен D) Сақтармен Е) Русьпен
13. Ежелгі Қазақстанның батысында өмір сүрген тайпа.
А) сақтар В) сарматтар С) ғұндар
D) қыпшақтар Е) аландар
14. Сармат тайпаларының өмір
сүру мерзімі:
А) б.з.б.VIII- б.з. V ғ.ғ. В)
б.з.б.VII- б.з.б.V ғ.ғ. С) б.з.б.V- б.з.VI ғ.ғ. D) б.з.б.X- б.з.б.V ғ.ғ. Е)
б.з.б.XI- б.з.XV ғ.ғ.
15. Көне дәуір авторларының
еңбектерінде „сармат„ атауының кездесетін мерзімі:
А) б.з.б. II ғ. В) б.з.б. III ғ.
С) б.з.б. V ғ. D) б.з.б. IV ғ. Е) б.з.б. VI ғ.
16. Арал-Каспий аралығы, одан
оңтүстікке қарай өмір сүрген сармат тайпасы:
А) Алан В) Роксолан С) Сирак D)
Массагет Е) Дах
17. Каспий жағалауында өмір
сүрген сармат тайпасы:
А) Гиркани В) Дах С) Сирак D)
Роксолан Е) Алан
18. Савроматтар жөнінде жазып
кеткен Рим тарихшысы:
А) Плиний В) Диодор С) Тацит D)
Геродот Е) Гиппократ
19. Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы:
А) Яксарт В) Арал С) Гиркани D)
Ақсу Е) Каспий
20. Б.з.б. 248-247 ж.ж.
Парфияны басып алған сармат тайпасы:
А) Алан В) Гиркани С) Дай D)
Савромат Е) Каспи
21. Үстіртте зерттелген сармат
ескерткіштері:
А) Атасу, Бесоба В) Бәйте, Терең
С) Алакөл, Беғазы D) Ақсу-Аюлы Е) Шілікті, Есік
22. Аршакидтер әулеті
билігінің негізін салған сармат тайпасы:
А) Дайлар В) Аландар С)
Массагеттер D) Савромат Е) Дах
23. Сарматтардың қоғамдық
басқару құрылымы:
А) Тобыр В) Мемлекет С) Әскери
демократия D) Тайпалық Е) Монархия
24. Сарматтарда шыныдан
жасалған ыдыстарды:
А) Өздері жасады В) Сатып алды С)
Айырбастап алды D) Шығыс елдерден алғызды Е) Теңіз жолымен тасыды
25. Сарматтардың әскери демократия заманында қауымның ішкі-сыртқы мәселелерін шешетін:
А) патша В) хан С) тайпа көсемі
D) әскер басылары Е) қауым мүшелері
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.