Әліппе "Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері. Әнші төлдер" 1 сынып
Айтжанова Асемгуль Кабиденовна
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін
мектептің
бастауыш сынып
мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жуан,
жіңішке дауысты дыбыстар жайлы түсінік беру.
Міндеттері: - Оқушының
шығармашылық дағдыларын дамыту.
-
Табиғатқа, төрт түлікке деген қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін
ояту.
Сабақтың түрі:
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану
Құралдар: флипчарт, маркер, Ана тілі оқулығы, қарындаш, өшіргіш, ресурстар, куб,
кеспе қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, Тақырыптық
түйін сөз, «Кубизм», ЖИГСО, Диалогтік оқыту.
Оқыту нәтижесі: Дауысты дыбыстар жайлы түсінік
алады. Оларды өзара ажырата біледі.
Дағдылар |
Уақыты |
Мұғалімнің іс – әрекеті |
Оқушының іс – әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
Білу |
5-7мин |
Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. «Шаттық шеңбер» ұйымдастыру «Сәлем», - дейміз , - алтын
күн, «Сәлем», - дейміз , - жер
ана, «Сәлем», - дейміз , -
баршаңа. - Бәріміз шеңбер бойлай
кезегімен өміріміздің тағы бір тамаша күні үшін бір – бірімізге ризашылық, жақсы
тілегімізді білдіріп, осы күнді жақсы өткізуге ойша уәде берейік. - Мен де балалар сендерге
сәттілік тілеймін.
- Ендігі кезекте балалар
қолдарыңдағы дөңгелектердің түсіне сәйкес
үстелдерге отыра қойыңдар. - Дәл қазіргі көңіл -
күйлеріңді алдарыңдағы бағалау парағына түстер
арқылды көрсете қойыңдар. Қызыл - жоғары Жасыл - орта Сары - төмен - Балалар,
қазақ алфавитінде неше әріп бар? - Әріп бізге не үшін керек? - Сөйлем неден құралады?
ал сөз ше? - Есімізге
түсірейікші, Дыбыс қандай екі топқа бөлінеді екен? Кім айтады? - Біз Әліппе кезеңінде дауысты, дауыссыз
дыбыстармен танысқан болатынбыз. Бүгін сол
дыбыстарды еске түсіретін боламыз. |
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады. - Шеңберде
тұрып бір - біріне тілек жазылған
қуыршақтарын беріп сәттілік,тілек тілейді.
- Бір түстес
дөңгелекті балалар топтасады.
- Көңіл -
күйлерін бағалай
Алфавитте 42 әріп бар. Ол бізге жазу, оқуды үйрену
үшін қажет екенін айтады. Дауысты
және дауыссыз дыбыс
Қойылған
сұрақтар бойынша оқушылар өз білімдерімен
бөлісетін болады.
ОЖЕСО (оқушыларды
жас ерекшеліктеріне сай оқыту ), СТОү (сыни тұрғыдан ойлауға үйрету), ОБ\К (оқудағы басқару мен көшбасшылық)
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.