Әліппе. Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әріпін қайталау
11.11.2014
3772
733
Изгалиева Гульмира Жуныскановна
Мақсаты : Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: сауаттылыққа, үйрету, сөйлем құрау, сурет бойынша әңгіме құрау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,буындар, ребустар, жұмбақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Өтілген әріпті пысықтау
1/ Жұмбақ шешу
Құстай ұшар, қанатты тұлпар. /ұшақ/
2/Сұрақ жауабы
- Ұшақ сөзінде неше дыбыс бар?
-Неше әріп, неше буын бар?
- Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? /дауысты, дауыссыз/
-Ұ дыбысы қандай дыбыс? /дауысты/
3) .<<Сөз ойла,тез ойла>> ойыны. Ұ дыбысына сөз ойлату
4) Ұ дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.
Ұзақ, үшқыш, ұя, ұзартқыш, ұлу, ұн, ұлтарақ, жұлдыздар, тікұшақ
-Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді? /Басында, ортасында/.
5/Оқулықпен жұмыс. Сөздерді буындап оқыту. Хормен оқу, жеке оқу.
6) Дыбыстар әлеміне саяхат. Өткен әріптерді дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажырату.
А, С, Р; О; Т; Ш; Л; Ы; Й; Ұ; Б; Д; У; Ж; Қ; Ғ; П; Н; М
7/. Суреттермен жұмыс.
Ұр-шық тікұшақ ұшақ
Дыбыстық талдау жасау
ІІІ Сергіту кезең
8/Оқулық бойынша жұмыс. Оқулықтағы «Ұшқыш болу - арман» мәтінін оқу.
Сұлтан - жақсы оқушы. Ол ұшқыш болуды армандайды. Сұлтан – ұқыпты да батыл бала. Ол ағаштан ұшақ жасайды. Жасаған ойыншық ұшағы шын ұшаққа ұқсайды. Талаптыға нұр жауар. Сұлтан ұшқыш болады.
Сұрақ – жауап
-Сұлтан қандай оқушы, нені армандады?
-Ол не жасады?
-Оның ұшағы неге ұқсады?
-Сұлтан кім болады деді?
Сергіту кезең
9/.Дәптермен жұмыс. а/ Сөздерге дыбыстық талдыу жасату./
Ұлан, ұшақ, жұмбақ, құрақ.
10/. Сурет бойынша сөз құра.
11/.Сематикалық картамен жұмыс сөздердің дыбыс,әріп сандарын анықтап кестеге қосу белгісін қояды. ( слайдта көрсетілген)
12/.Сандық ребустарды шешу.
• Қорытынды: -Ұ дауысты дыбыс?
-Сөздің басында, ортасында кездеседі.
Никто не решился оставить свой комментарий.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.