Біз Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!
Семей қаласы №36 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Нурхасимова Куралай Еркасимовна
Мақсаты:
Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды патриот
сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері, қанатты сөздер, суреттер, интерактивті
тақта.
Ұйымдастыру:
Әнұран ойналады
Мұғалім:
Отан дегеніміз – әр адамның туып
өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. «Отансыз
адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ
елінде тұратын адамдардың Отаны –Қазақстан Тәуелсіз Республикасы.
Ендеше балалар «Тәуелсіздік» деген ұғымды қалай түсінеміз. (Оқушылардың
пікірі)
Тәуелсіздік – теңдік. Тәуелсіздік – азаттық. Тәуелсіздік – бостандық.
Тәуелсіздік барлық жер бетіндегі мемлекеттермен терезесі тең болу.
/қанатты сөздер слайд/
Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел болуды біздің
еліміз армен еткен. Сол тәуелсіздік жолында біздің ағаларымыз бен апайларымыз
1986 жылы 16 желтоқсанда өз Отанын, жерін ар – намысын қорғай алатындығын
көрсетті. «Ел намысын аяқ асты етпеймін» деп бейбіт шерудің алдыңғы сапында
болды. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сияқты біртуар
ұл- қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті.
Олардың есімдері мәңгі жүрегімізде сақталады. Ендеше бұл қазақ азаматтары
Желтоқсан құрбандары. / желтоқсан құрбандарының суреттері слайд/
Ән: Желтоқсан желі
Мұғалім:
Сонымен балалар 1991 жыл -16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн;
1992 жыл – мемлекеттік рәміздері бекітілді;
1993 жыл-Тұңғыш Конституциясы қабылданды
1995 жыл – 30 тамызда Жаңа Ата Заң қабылданды;
1997 жыл -Елорда Астанаға көшті;
2014 жыл – Ел тәуелсіздігіне 23 жыл /атаулы күндер слайд/
-Балалар , біздің тарихымыздағы атаулы күндер мұнымен шектеліп қалмайды,
тіпті осы уақытқа дейін мұнан басқа да атаулы
күндер өте көп.
-Ал өздерің қандай атаулы күндерді білесіңдер./балалардың пікірлері
слайд/
-Елімізде алдағы уақытта да осындай игілікке бастар атаулы күндер көп
болсын деп тілейміз.
Қазақстан тәуелсіздік алған күнен бастап өркениет өрісіне қарай қарышты
қадам басып келеді.
Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті
елдер қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.
Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық рәміздерімізді тұмардай
танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі, болашағы сіздердің қолдарыңызда , сондықтан білімді, тәрбиелі ,
іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.
1-оқушы:
Ендеше Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранмен айбатты. /рәміздер туралы
слайд/
2- оқушы:
Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» стратегиялық
бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талай кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.
Елбасының жолдауы – егемендіктің
кілтін ұстап жастардың жарқын болшағына апарар
алтын сүрлеу.
3- оқушы:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерінде,
Өзіңді өзің еткен бақ-
Тәуелсіздік төрінде.
4-оқушы:
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным.
Белді бекем буын да.
5-оқушы:
Асқар тау да сенікі,
Бақша бау да сенікі.
Қалтықсыз дос пенен
Қатал жау да сенікі.
7- оқушы:
Елімнің аты, жерімнің аты-
Өзіңмен биік, Республикам!
Жақсының аты, Ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!
8 –оқушы:
Бәсеке
деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын-
Тұмарғып тағын , Республикам!
9- оқушы:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!
10-оқушы
Әуелі отан – Ана алды, оттың
басы,
Ауыл алды аунаған шөптің қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді.
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы
Мұғалім:
Баллар мен сендерге «Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын» тақырыбына әңгіме жазып келуге тапсырма
берген болатынмын. Ендеше сол жазып келген әңгімелерімізді оқиық.
11 –оқушы:
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз өсірген елімізід.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау, орман , тоғай көлімізід
12 –оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір арыстан.
Мұғалім: Ендеше балалар бізге Тәуелсіздік оңай келген жоқ . Осы тәуелсіздікті сақтау одан да өткен қиын.Сондықтан сендер осы тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтарысыңдар. Тәуелсіздікті сақтау сендердің парыздарың. Ол үшін осы бастан сабақты жақсы оқитын білімді, денсаулығы мықты салауатты өмір салтын ұстайтын. Саналы азаматтар болып шығуларың керек. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.