Сыныптан тыс іс - шара: «Талаптың мініп тұлпарын... » – атты V үздіктер форумы
Мақсаты: Үздік оқушыларды марапаттау, құрмет көрсету, үздіктер санын көбейту. Үздік оқушыларды марапаттау, құрмет көрсету. Үздік оқушылардың жеке қасиеттерін ашу арқылы, өзге оқушылардың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, үздік оқушылар санын арттыру. Оқушыға деген жеке ізгілік қарым – қатынас көрсету. Әр оқушы бойынан әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау қасиеттерін дамыту. Оқушыға өз білімін де, өзгенің ерекшелігін де көре білуге үйрету.
Музыка ойнап тұрады.
І. Кіріспе: Жеміске
құты тола ма,
Бір-бірлеп
теріп алмасаң ?
Әп сәтте шыға
қоя ма,
Еккен дәнің
ойласаң ?
Білім де
сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер
ойыңа.
Ұғып ал, білім
боларын,
Шам-шырағың
жолыңда.
Бүгін бізде біреу – екеу емес, тұтас жұлдыздар шоғыры
жанған күн. Бастауыш сыныптар арасында өткелі отырған « V үздіктер форумына » қош келдіңіздер!
ІІ. Трио « Ана тілім ».
Орындайтын : 4 «Ә» сынып оқушылары
ІІІ. Жүргізуші: Құлпырған
еліміздің ұл - қыздары
Жағада үлпілдеген құндыздары.
Орасан жер мен
көкті бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған
жұлдыздары дей келе осы кештің басты себепкерлері атанып отырған озат
шәкірттерімізді ортаға шақырайық. (Әр
сыныпты қолдарына белгі ұстап сынып жетекшісі бастап шығады. Жүргізуші оқушының
аты – жөнін айтып тұрады.)
2 « А » сыныбы, сынып жетекшісі: Сексенбаева Маржан
Муратхановна
Ерлан Аида, Кабдырахманова Айдана, Куандыков Ержан,
Құмаршаев Елдар, Нұрғазина Диляра, Талғатұлы Емран, Даулетов Думан, Каребаев
Бауыржан, Қабасов Нұрсұлтан, Маратова Әдемі, Серікқанов Жан, Нұрахметов Ерасыл.
2 « Ә » сыныбы, сынып жетекшісі:Джексенбаева Арай Амангелдіқызы
Дүйсен Балнұр, Қалиева Дильназ, Оразақынов Талғат,
Набиханов Бекзат, Туқанов Еркебұлан, Керейгазинова Аяулым, МейрамбековаАружан,
Жамантыков Нурай.
3 « А » сыныбы, сынып жетекшісі: Аканова Асем
Амангелдіқызы
Дайрбаева Аяжан, Нурланова Айым, Аманжасов Әкежан,,
Балтабеков Бек, Медетұлы Темірлан, Серікбаев Алдияр.
3 « Ә » сыныбы, сынып жетекшісі:Жанузакова Нуршат
Романқызы
Естайұлы Нәлі, Баймолданова Айша, Қасенов Діінмұхамед,
Махметов Ернар, Салюмбек Дильназ, СерікқазинАқарыс, Калымова Ляззат.
4 « А » сыныбы, сынып жетекшісі: Оспанова Жадыра
Амангелдіқызы
Әбуғали Арайлым, Сақпан Мақсат, Шәкенова Маржан,
Сақарбеков Әли.
4 « Ә » сыныбы, сынып жетекшісі: Бағдатова Айнұр
Русланқызы
Ғабдыгалымова Ажар, Граменский Роллан, Қанап Іңкәр,
РолланұлыАдлен, Тұяқбай Диана, БексултановаЖибек, МакажановНуржан.
4 « Б » сыныбы, сынып жетекшісі: Ахметжанова Жайнагүл
Хасенқызы
Нұртаева Нұрай, Бейсенов Еркебұлан, Төлегенов Әмір,
Нургазин Сержан, Джакупов Расул, Кайырбеков Сырым, Биғалиев Дінмұхаммед.
ІҮ. Жүргізуші:Бір адамдық
қасиет Бойыңызда,
Шәкіртке білім беру ойыңызда
Шын жүректен айтылған ізгі тілек,
Шашу болсын « Үздіктер форумына » - дей келе, мектебіміздің директоры
Мәсәлімова Нәзигүл Ешенғазықызына сөз береміз.
Ү. Жүргізуші: Тұсаукесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп
кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп
дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.
Ал біз бүгін бастауыш сынып оқушыларының арасынан сабақты үздік оқитын
оқушыларды марапаттау үшін , білім кемесінде сүрінбей еркін жүзіп өтсін деген
тілекпен, егеменді еліміздің туы түстес көк жіппен тұсауларын кессек дейміз.Ү үздіктер форумының « тұсау кесу » рәсімін мектебіміздің
жыл оқушысы, Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасынан ІІІ орын, облыстық
«Малахит», «Ақбота» конкурсынан ІІ орын, «Айналайын» , «Сәйгүлік»
олимпиадаларынан І орын иегері, 1-11 сынып аралығындағы оқу озаты 11 «Ә» сынып
оқушысы Дүйсенбай Қорланды ортаға шақырамыз.
ҮІ. Жүргізуші:Құлақтан
кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті
күй,
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз жырлағандай, орындалар ән
өздеріңізге арналады. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1 «А» сынып оқушысы Еркимбекова Заринаның
орындауында «Ертегілер» әні.
ҮІІ. Жүргізуші:Еліміздің Қазақстан халқына Жолдауында білім мен
ғылымды дамыту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері көтерілді.
Сондықтан қазіргі заман талабы жаңарып, ұмтылыс жасалуда. Бүгінгі таңда біздің
үздіктеріміз де Еліміздің келешегіне өз үлестерін қосып ант етпекші. Ант
қабылдау рәсімінің сөз кезегін 4 «Б » сынып оқушысы Бейсенов Еркебуланға берейік.
Ант қабылдау рәсімін тамашалаңыздар!
- « Біз
үздіктер блашақта Егеменді еліміздің білімді ұланы боламыз деп, Тәуелсіз қазақстанның гүлденуіне өз
үлесімізді қосамыз деп, мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз
деп: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз. »
ҮІІІ. Жүргізуші:Біздің мектебіміздің үздіктерін ант қабылдау рәсімімен құттықтап, 1 «А»
сынып оқушылары «Испан» биін орындайды.
ІХ. Жүргізуші:Ендігі
тамашалайтындарыңыз « Білім шырағын » тапсыру рәсімі.
Ортаға
мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі аға вожатыйы Башбаева Бұлбұл
Беделханқызын шақырамыз.
-Құрметті жас бүлдіршіндер,
сендерді үздіктердің үздігі болғандарынмен құттықтаймын. Сендерге білім шырағын
табыстай отырып, болашаққа сапалы біліммен биіктерге жетіп, мектеп абыройын
асқақтатыңдар дегім келеді. Ұстаз еңбегін, ата- ананың үмітін ақтайтын үлкен
азамат болыңдар дей келе білім шырағын табыс етемін.
« Білім шырағын » тапсыру. Ең соңғы оқушы рахмет айтады.
-Біз үлгілі және озат оқушы болуға уәде етеміз!
Х. Жүргізуші: Ду қол
шапалақ. Білім шырағын қабылдаған үздіктерге арнап әдеби монтаж. Мағжан
Жұмабаев. « Мен жастарға сенемін »
ХІІІ. Қорытынды:- Бүгінгі сондай әдемі жарқырап тұрған балаларымыздың аяқтары ешқашан
сүрінбесінші , үміттері ешқашан ұзілмесінші , әр қайсысының алдынан жарқын
болашақ күтіп алсын! – дей келе кешімізді аяқтаймыз. Назар қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.