Қош бол, бастауышым-балбұлағым!
Мақсаты:
1.
Білімнің сара жолы мектептен
басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге
деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
2.
Мектептегі білім ордасын, ұстаздарын
құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
3.
Оқушылардың төрт жылда қандай
жетістіктерге жеткенін көрсетіп өнер-білімдерін бағалау.
Көрнекілігі:
нақыл сөздер, әуе шарлары, жалаушалар.
«Қош бол,
бастауышым-балбұлағым!», «Білім кілті-бастауышта», «Жас бала-бейне талшыбық»М.Жұмабаев,
«Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған», «Өнерлі бала-сүйкімді»»Ұстазыңды
атаңдай сыйла»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Мұғалім: -Құрметті ұстаздар, ата-аналар, тәрбиешілер! Кеше ғана көздері
жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін,
міне, бойлары да, ойлары да өсіп, ойларына ой, саналарына сана қосып, өздерінде
жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары боп, бастауышпен
қоштасқалы отыр.
Армысыздар,
әулемет,кеш қонағы,
Бүгін бізде
мереке аса мәнді.
Қуанып зер
салайық, ей халайық!
Балдырғандарды
қошеметпен қарсы алайық!
(әуен ойналып оқушыларды ортаға шақырайық)
Осы 4 жыл
ішінде мына алдарыңызда тұрған әрбір бала мектеп қағидаларын үйреніп білді.
Қадамдары
құтты болсын!
Талаптарына
нұр жаусын!
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер,әз жандар,
Білім іздеп, инемен
құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді,
Би билеп, ән де бүгін
шырқалар.
2-жүргізуші:
Қадірменді қонақтар!
1-жүгізуші:
Қымбатты ұстаздар!
2-жүргізуші: Аяулы
тәрбиешілер!
Біз бүгін ең
алғаш қалам ұстатып, әліппені ұсынған, сүйікті ұстазға рақмет айту салтанатына
жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, мектеп-анаға
алғысымызды айтамыз.
1-жүргізуші: -Сонымен, «Қош бол,
бастауышым-балбұлағым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран айтылады.
1-көрініс: «Жалқаубек»
музыкасы ойнап тұрады.
Білімбек пен
Жалқаубек бір-бірімен амандасады.
-Сәлеметсің бе Жалқаубек!
-Сәлем, Білімбек.
Білімбек: Жалқаубек, біз бүгін бастауыш сыныппен қоштасқалы
жатырмыз. Сен қайда жүрсің? Сен бір ақылыңды неге қоспайсың?
Жалқаубек: А, қашан?
Шынымен айтып тұрмысың? Мен бастауышпен
қоштасқым келмейді. Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын. Жоғары
сыныпта 6 жағыңнан 6 мұғалім береді
дейді. Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.
Білімбек: Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап
жүрсең, жоғары сыныпта 6 жағыңнан 6 мұғалім білім беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең
отырмақ түгіл, еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.
Жалқаубек:Мұның жақсы ақыл екен тырысып көрейін.
Білімбек: Әй, Жалқаубек, қой көп сөзді онан да бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен
жақсылап қоштасып, ренжітпей, жоғарғы сыныпта өз тәртібімізді, білімімізді
көрсетейік. Келістің ғой, Жалқаубек?!
Жалқаубек: Келістім. Бәріміз одан да бірігіп ән салсақ қайтеді?
Білімбек: Өте жақсы. Айтсақ, айтайық.
Ән: «Бастауышым
менің»
Ақниет: Есімде
ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып
тастағаны
Бір мереке
думан боп осы маңда
Жетелеп бір
сыныпқа алып барғаны
Енді міне
сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақытаз
ба екен кім біліпті
Ұстаз ана
жасады мына бізден
Ел таңғалар
азамат бір-бір мықты
(презентация)
Күлегіш беттерінен: көрініс «Кіріспе»
Әділ:
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым
ғылымға жол салып берді
Адамның
ой-арманы мақсаттары
Оқудың
сәулесімен жарық көрді.
Ән: « Білімнен нәр
алған»
1-жүргізуші: Нұр
жүзіңнен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін
сүйген таза көңілден
Тағлым беріп
жас ұрпаққа қашанда
Өз соқпағын
тапқан мынау өмірден.
2-жүргізуші:
Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған
Жас санаға
төгіп білім шуағын
Хат танытып,
жол сілтеген өмірге
Барша жанға
құрметті жан-мұғалім.
Күлегеш беттерінен: көрініс «Абайдың өлеңі»
Ән:
«Көзімнің қарасы» орындайтын: Жасұлан Ғ.
Құралай: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті
алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-Ана
естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен
жауырымнан қаққаның.
1-жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын
түсіндім, мақтанамын
Осы сырды
үйреткен төрт сыныбым
Түстей болып
міне артта қалдың.
Күлегеш беттерінен « Ақниетсіз шаруа бітпейді»
Амангелді: Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп
ұшамын мен.
Өзің берген
біліміңмен
Биіктерге
шығамын мен.
Би:
Ғалым:
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр
алдым көктедім
Өмірде алғашқы
өткелім
Рахмет саған
бастауыш мектебім!
Күлегеш беттерінен «Орыс тілі сабағында»
2-жүргізуші:
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкіттерін
баулыды тәртіпті қып
Қоштасамыз біз
бүгін ұстазбенен
«Ұстаз» әнін
жаңғыртып айтып тұрып.
Ән: «Ұстазым» орындайтын хор.
1-жүргізуші: 4-жыл
бойы білім берегн мәпелеп,
Анамыздай біз
сыйлаймыз қастерлеп
Рахмет Сізге,
ұстаз апай мол алғыс.
Ұмытпаймыз
жүреміз де дәріптеп.
Күлегеш
беттерінен «Жарты ставка»
2-жүргізуші:
«Айгөлек ау, айгөлек
Айдын жүзі
дөңгелек
Айдай толған
кезімде
Би билейін
дөңгелеп» атақты әнші Роза Рымбаева шырқағандай келесі кезекті әсем де көрікті Вальске берейік.
Би: Вальс
1-жүргізуші: Өтті
сенде қызық шағым,
Бастауышым-балбұлағым
Қоштасар күн жетті
міне
Қимастықпен
қол бұлғаймын.
2-жүргізуші: Әріп
ттанытып, білім берген алғашқы ұстазды ортаға шақырайық.
Мұғалім: сөзі.
Ата-аналарға
сөз беріледі.
1-жүргізуші:
Бітіруші түлектер,
Жүктелер бар
аманат
Айтылар ізгі
тілектер.
Болмасын еш
жаманат.
Ән: хормен айтылады «Сағынам
бастауышты»
2-жүргізуші:
Бастауышта оқыдық,
Ойға білім
тоқыдық
Бұлар бізден
жалындар
Ертеңгі ірі
ғалымдар
Алдыңда ұзақ
жолың бар
Оқумен өсіп
толыңдар
Қиындыққа
мойымай
Аман-есен
болыңдар.
-деп
«Бастауышым-балбұлағым» атты қоштасу кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп
рахмет. Қош сау болыңыздар.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.