Главное меню

  • К списку уроков
Физика 9 сынып. Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі маятниктердің тербеліс периодын анықтау
23.09.2014 3969 0

                                                                                        Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

                                                                                № 48  орта мектебінің физика   пәні     

                                  мұғалімі

                                                                                 Әлімбетова Индира Амангелдіқызы

ІІІ тоқсан

                  

45 минут

Пәні:Физика

9 «Б»-сынып

Сабақтың тақырыбы

Әр түрлі маятниктердің тербеліс периодын анықтау

Сілтеме         

Жоспар. Білім стандарты, пән бағдарламасы,  9 сынып Р.Башарұлы.Д.Қазақбаева 

Жалпы мақсаты

А)Өткен тақырыптан алған білімдерін бекіту

Б)Практикалық  есептерді шешу жолдарын әр түрлі әдіспен шығаруды үйрену.

 В)Физикалық есепті өз беттерімен құрастыруды үйрену.

 Топта жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру;

 Өз пікірлерін еркін  айтуға баулу.

Күтілетін нәтиже

-        Білу:Маятник түрлерін ажырта алады,құрылысын біледі  Томсон формуласын жатқа біледі.(барлығы)

-       Түсіну: Тәжірибенің жасалу мақсаты мен маңызын түсінеді   (көпшілігі)

-        Қолдану:Томсон формуласын тәжірибе жасау барысында қолдана алады (кейбіреуі)

-        Талдау: Маятниктердің тербеліс периодын анықтауда теориялық және эксперименттік нәтижені салыстыра біледі.  (кейбіреуі)

 

Негізгі  идеялар

Маятниктердің тербеліс периодын тәжірибе жүзінде анықтауды үйрену жөнінде түсінік қалыптастыру.Маятниктің тербелісінің периодын анықтау формуласын пайдалана отырып есептер шығару. Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау  мәдениетін қалыптастырады.

Тапсырмалар

топтық жұмыс,  жеке жұмыс

шығармашылық жұмыс, ой-толғау.

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

 

І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

1.Сыныпта жайлы ахуал қалыптастыра отырып, сурет арқылы топқа бөлінуді ұсынамын.

 

      II. Кіріспе  (10 минут)

 

1-қадам бойынша үй тапсырмасын БЛУМ бойынша қорытындылау  ұсынылады.  

1.Білу.Математикалық және серіппелі маятниктің тербеліс периодын анықтау қалай жүргізіледі?

2.Түсіну.Маятник ұғымын қалай түсінесіңдер?

3.Қолдану.Маятниктің қолданылу аясы жайлы ақпараттарды білу

4.Талдау. әр түрлі маятниктердің тербеліс периодын анықтаудың  нәтижелілігін тексеру.

Жинау:  маятниктің жұмыс  принципін  жаңадан,сағат   жасау өндірісінде,медицинада қолдану.

6.Бағалау: Тәжірибенің орындалуына баға беру.

Топтар 5  рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады.

Жаңа сабақ тақырыбы тақтадаға жазып,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.

 Оқушылар электронды оқулықта  берілген мәтінді және қосымша ақпаратты оқып,түртіп алады, топпен бірлесе отырып  талқылайды және 3 топқа  3 түрлі тапсырма беріледі.

 

1-топ    Ұзындығы 1 м болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын  анықтайды;

2-топ    Көп нүктенің орнына тисті сөздерді орналастыру;

Тәжірибе реті

Жіптің ұзынды

ғы, м

Уақыты

t,с

Тербеліс саны, N

Тербеліс периоды

Tэксп, с

Тербеліс периоды

Tтеор, с

1

1

2

0,75

3

0,5

 

3-топ    Кестені толтыру;

 

(Әр топтың баяндамашылары  жұмыстарын қорғайды) (5+3/8 мин).

Бағалау.  өзін-өзі бағалау жүргізіледі  Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері айтылады. (Формативті бағалау.)

Негізгі бөлім. 2-қадам.Тәжірибе жұмысының жүргізілуі.интерактивті тақтада  көрсетілетін тәжірибенің орындалу ретіне назар аудару керектігі ұсынылады. Жұмыс дәптерінде берілген кестені толтыру тапсырылады. Кестені орындап болған соң жауабын тексеру үшін тақтадағы кестемен салыстырып, дұрыс жауабының санын жазу тапсырылады. (7 минут)  

Оқушылар арасында Критерий арқылы өзін-өзі бағалау. Алдын-ала оқушылар ұсынған критерийді жазып қоямын.

 

    3-қадам.     Тест сұрақтарына жауап беру   (3 минут)   Топ басшысы тест жауабын дескриптор арқылы бағалайды.

  4-қадам.  Әр оқушы жұмыс дәптеріне кеңейтілген тапсырманың жауабын жазып шығады.                             (8 минут)  Деңгейі төмен оқушыларға арнайы тапсырма таратамын.

5-қадам. Шығармашылық жұмыс. Ой-толғау: «Егер сендер  математикалық маятниктің астына магнит орнататын  болсақ,оның тербеліс периоды қалай өзгерер еді??» тақырыбына өз ойларын айту ұсынылады. (7 минут)

 

ҚОРЫТЫНДЫ.  Сыртқы, ішкі  бақылаушылар тыңдалады. Жазбаша жазылған оқушылардың рефлексиялары тыңдалады. (5 минут)

Үйге  тапсырма

 (2 минут)

 « Математикалық маятникті ауадан суға,майға орналастырса,не болар еді?»тақырыбында зерттеу жұмыстарын дайындау.