Білім беру саласы: Қатынас. Бөлім: Тіл дамыту. Тақырыбы: «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы».
Мақсаты:
Білімділік:
Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекетінің елбасы Н.Назарбаев туралы
мағлумат беру. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздегі
дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік:
Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет
етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс:
Елбасы, мемлекет, Республика, рәміздер,елтаңба, ту, әнұран.
Қостілділік
компонент:
Елбасы -президент, рәміздер-символы, ту- флаг, елтаңба- герб, әнұран- гимн.
Әдіс-тәсілдер:
Әңгімелеу, түсіндіру, сурақ- жауап,ойын, коллаж жасау, мақал-мәтел.
Құрал-жабдықтар:
Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер,
мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
ҚР әңұраны. Шаттық шеңберін
құру. Қане , қане
тұрайық, Үлкен шеңбер
құрайық. Тұрсақ егер
шеңберге, Алақанды ұрайық. Оң жақтағы
балаға, Сол жақтағы
балаға, Шапалақ та
,шапалақ. |
Балалар әнұранды
орындайды. Балалар өлең
сөздерін айтып, қимыл -қозғалыстар жасайды
|
Ұйымдастыру –іздену
|
Балалар бір- бірімізге жүрек
жылуы арқылы тілектер айтайық. Балалар орындарымызға
жайғасайық. Тақырыбпен таныстыру. Экранға назар аудару. (Экранда Астана қаласы) -Балалар біз тұратын
Республика қалай аталады? -Елордамыз қай қала? -Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар. Экранда тудың суреті. -Тудың түсі қандай? -Тудың ортасында не
орналасқан? Шетінде не бейнеленген? ҚР мемлекеттік елтаңбасында
не бейнеленген? (экранда елтаңбаның суреті) Елтаңбада не көріп
тұрсындар? Экранда әнұран. Әнұранның авторлары кім? Ләзім, Сабина, Ислам –
тақпақ оқиды.
Сергіту сәті – ән Балалар экранға назар
аударамыз. (Экранда Н.А. Назарбаевтың суреті) Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті кім? Өмір жолының үзінділеріне шолу
жасайық. Нұрсұлтан Әбішұлы туралы екенін айту. 1991 жылы 1
желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. (Сурет) Тұңғыш Президент болып
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. (Сурет) 1-ші Желтоқсан президент күні . Елбасының ант қабылдауы,
кездесулері туралы( сурет.) Альтаир «Тұңғыш елбасы» тақпақағын оқиды Тақпақтын мағынасын түсіндіру.
Елбасымыз жолдайды, Халқы оны қолдайды. Ешқашанда орынсыз, Шешімдері болмайды. Елбасы елді қорғайды, Халық қамынойлайды, Осындай жақсы адамның, Жақсылығы тарайды. Тақпақ кім туралы? Практикалық жұмыс Іс- әрекетті қорытындылау. |
Еліміз тыныш болсын,Аспанымыз
ашық болсын,Ата -анамыз аман болсын. Балалар отырады. Балалар тындайды.
Біздің Республика Қазақстан.
Елордамыз Астана қаласы.
Ту, елтаңба, әнұран.
Тудың түсі көгілдір, ортасында алтын күн,
шетінде ою өрнек
бейнеленген.
Елтаңбада шаңырақ, уықтар,
қос тұлпар,бес жұлдыз бар.
Сөзі: Ж.Нәжімеденов,
Н.А.Назарбаев Әні: Ш.Қалдаяков.
«Біздің Отан» әнің орындайды.
Еліміздің Президенті
Н.А.Назарбаев. (суреттер өмір жолынан)
Балалар мұқият тыңдайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Елбасы Қазақстан Республикасын басқарады Сұрақтарға толық жауап
береді. Бірінші желтоқсан елбасы
күні екенін айтады.
.
Балалар коллаж жасайды. Оны
түсіндіреді.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Белсенді балаларды
мадақтау, жеке баға беру. |
Балалар бірін- бірі мадақтап өздеріне баға бере алады. |
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі:
Қазақстан Республикасынын мемлекеттік рәміздерін айта біледі.
Қандай
түсініктерді игерді: Бірінші желтоқсан Тұнғыш Президент күні екенін түсініп, игереді.
Меңгерген
дағдылары мен іскерліктері: Отанға құрмет көсетуге, рәміздерді
құрметтеуге дағдылануды меңгереді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.