Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Аққала мен-ақ бала
22.09.2014 2941 0

Бекітемін:                                               Оқу ісінің меңгерушісі:

40 сабақ

Пәні:Әдебиеттік оқу.                                                         Уақыты:

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушыларға әр жыл мезгілінің өзіндік   ерекшелігі барын түсіндіре отырып қыс қызығымен таныстыру.

ә\Тәрбиелілігі:табиғатты сүюге,қысқы таза ауа туралы айта отырып салауатты өмір салтын сақтауға  тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы: Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын  дамыту.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі:қыс мезгілі бейнеленген суреттері,мақал,жұмбақтар.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Назарларын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1Мәтінен түсінігін айту.

2.Жазып келген шығармаларын оқу.

3Жануарлар туралы жұмбақ айту.

Сергіту  сәттері .«Жемістерді кес» ойыны – тұтас бағытты қабылдау мен ұсақ моториканы дамыту

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. «Ұйқасын тап»ойыны.

Қойда жуас бозымды-

Шақырамын......

Қысқа ғана құлақты,

Шақырамын.......

2.Суреттегі қыс көрнісін әңгімелеп, қысқы еңбектерді атау.

3.Қысқы жануарлар тіршілігін әңгімелеу.

Сергіту  сәттері. Дидактикалық ойын «Толық жина»

Үстел үстіне екі бөлінген жазық бейнеленген жидектер қойылады. Балаларға жартыдан толық жидекті жасау керек.

 

4. Мақалының мағынасын ашу.

   Қыстағы қар- жерге ырыс,

    Жердегі ылғал –елге ырыс.

5..Мәтінмен жұмыс.

а)Өлеңді мәнерлеп оқыту.

ә)Әңгіме мазмұнына сай сұрақтар беру.

-Өлең  қай мезгіл туралы?

-Өлеңдегі ақынның көңіл күйі қандай?

-Ақын өлеңде нені сағынады?

-Ақ бала қандай? Аққала қандай?Қар қандай?

5.Сөздік жұмысы...

Көңілде тұрған дақтарға-көңілдегі реніш

IV.Сабақты бекіту.

1.Мәтіннен негізгі ойды білдіретін жолды тауып оқы.

2.  Қыста ойналатын ойын түрлерін атау.

V. Үйге тапсырма.

Өздеріне ұнаған шумақ жолдарын жаттау.

Қыстың бір көңілді күнін суреттеп әңгіме жаз.

Бағалау.