Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау.Өзіңді тексер.
22.09.2014 5762 0

Бекітемін:                                               Оқу ісінің меңгерушісі:

36 сабақ

Пәні:Әдебиеттік оқу.                                 Уақыты:

Сабақтың мақсаты:а\ Тарау бойынша алған білімдерін қортындылау.

                          ә\Ойын,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,көктем мезгіліндегі

                                         табиғат ерекшеліктерін  сүйе білуге тәрбиелеу.

                                       б\ Көктем келбетіне, көктем ерекше табиғи көрнісіне деген

                                             қызығушылықтарын дамыту.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,салауаттану.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Түрі:аралас.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа денген ынтасын арттыру.

«Бүгінгі табиғат»терезеден қарап отырып қысқы көрністі суреттеу.

 

ІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

1.Кіріспе:

а)Сурет бойынша әңгіме.

-Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Көктем айларын ата.

-Көктемге жануарлар тіршілігін әңгімеле.

ә)Көкте туралы өлеңді мәнерлеп оқу.

  Көлдің мұзын күн тесті,

  Аппақ тонын жер шешті.

  Жерді жапты көк кілем,

   Ондай кілем жоқ білем.

ІІІ.Тарау бойыншатақырыптарды қайталау.

1.Мына сөздерді пайдаланып,өлең шумағын құрастыр.

    .......,анашым!

  ........-.......панасың.

  ............  өзіңді,

      .....    балаңмын

2.Қандай көл болмайды?

а)Алакөл,Ыстықкөл.

ә)Жусанды көл.

б)Жамбыр суы тамбаған көл.

3.Наурыз көжені тап.

а)Алма ,ет,орамжапырақ,тұз,су,май,қызанақ.

ә)Бидай,күріш,тары,су,айран,тұз,сүр ет,арпа,бұршақ.

 б)Бидай,тұз,жапырақ,жусан,мейіз,сәбіз..

4.  «Биылғы көктем былтырғы көктемгеқарағанда ..»деп басталатын «Есімде »деген қысқаша эссе жаз.                                                                                                                           

IV. Сабақты бекіту.

1Бөлім бойынша өзіңе ұнаған тақырыпты ата.?

2.Бөлімдегі тақырыпқа байланысты мақал айт.

3.Қыс-қысаң,

 Жаз-жазық.Мақалының мағынасын түсіндір.

V. Үйге тапсырма. «көктем көрінісі» тақырыбына шығарма жазу