Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: Өтірік өрге баспайды.
22.09.2014 6022 0

Бекітемін:                                               Оқу ісінің меңгерушісі:

22-23 сабақ

Пәні:Әдебиеттік оқу.                                   Уақыты:

Сабақтың мақсаты: а\Оқушыларға мәтінді  оқыта отырып,түсініп оқу дағдысын жетілдіру,дам бойындағы жат  қылықтар  туралы түсінік беру.

                                  ә\ Өтірік, өсек,мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға  тәрбиелеу.

                                      б\Табиғатта болатын өзгерістер туралы  білімдерін   тереңдету, өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі,сурет..

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі:көркем   суреттер, жұмбақтар.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1. Ертегіден түсінгенін айту.

2.«.Ақыл ,мен сені іздеп жүрмін.Сен болсаң...» тақырыбына эсса жазганын тексеру.

3.Мәтіннің  мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдерін айтып, мазмұнын түсіндіру.

Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс-жақын» жаттығуы

- Мен қазір әртүрлі дыбыс тіркеулерін айтамын.

- Мынау кім немесе не, анықтаңдар?

- Ол жақын немесе алыс орналасқан ба?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.

а)Өздеріне ұнамайтын адаам бойындағы жағымсыз қылықтарды атаңдар.

- Өтірік айтқан кездерің болды ма?

-Өтірікті не үшін айтады?

ә\Мақалдың мағынасын түсіндір.

   Мақтаншақтық өтірік айтқызады,

    Өтірік көңілді қайтқызады.

2.Оқулықпен жұмыс.

а\Мәтінді түсініп оқу.

ә\Оқушының іштей оқуы.

б\Рөлге бөліп оқу.

в\Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

4.Дәптермен жұмыс.

1-топ: «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»тақырыбына  шағын әңгіме жазу.

2-топ: «Балалы үйдің ұрлығы жатпас»тақырбында оқиғаны өрбіту.

3-топ:  Бес жолды өлең құрастыру.

Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Кім зейінді?» Есте сақтауын  дамыту

- Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

IV.Сабақты бекіту.

-Өзіңе адам бойындағы қандай жаман қасиет ұнамайды.

-Әңгімені өзіңше жалғастырып айт..

-Балалардың іс-әрекеті туралы ойыңды айт.

V. Үйге тапсырма.

1. Баланың үйіне келе жатқандағы ойы туралы монологты тауып оқы.

2.Әңгімеден түсінгендерін айту.

VI. Бағалау.